08:59 07 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.87
  • EUR495.59
  • RUB5.70
Экономика
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1358)
137 0 0

Бүгіннен бастап екі ел арасында жолаушылар тасымалы жүзеге асырылмайды. Бұл шараның нақты мерзімі белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан — Sputnik. Дүйсенбі, 3 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы уақытша тоқтатылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде бұл Қытайдағы эпидемиологиялық жағдаймен байланысты екенін түсіндірді. Әуе қатынасы қай кезде жанданатыны әлі белгісіз.  

Министрліктің ақпаратында 2020 жылдың 27 қаңтарынан бастап Алматы – Нұр-Жолы – Үрімжі, Өскемен – Майқапшағай – Үрімжі, Жаркент – Қорғас – Құлжа, Аягөз – Бақты – Зимунай бағытымен жүретін автобус уақытша тоқтатылғаны жазылған.

1 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы жолаушылар пойыздары жүрмейді. 

Қытайдың Ухань қаласында коронавирусқа байланысты карантин жарияланғаны хабарланған болатын. Қазақстан арнайы әуе рейсімен 83 қазақстандық пен 23 шетелдікті елге жеткізді. Арасында Қырғызстан, Армения және Беларусь азаматтары бар.

Қытайға қатынаған әуе компаниялары

Екі ел арасындағы жүйелі рейстерді Air Astana, SCAT (Қазақстан), China Southern Airlines және Air China (Қытай) компаниялары жүзеге асырды. Рейстер Нұр-Сұлтан, Алматы және Қытайдың Бейжің, Үрімжі, Сиань, Санья, Хайкоу қалалары арасында болатын.

Билетті қалай қайтаруға болады

Жолаушылар билеттерін 2020 жылдың 3 ақпанынан бастап қайтара алады. Министрлік билет сатып алынған жерде қайтарылатын атап өтті. Айыппұл салынбайды. Билет құны толықтай қайтарылады.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1358)

Тақырып бойынша

Қытай туралы қауесетті кім таратады – Қытай елшісі ашық сұхбат берді
Коронавирус көз арқылы жұға ма – денсаулық министрі жауап берді
"Қорқынышты": Қазақстан студенттері Уханьда не боп жатқанын айтты - видео
Біртанов "2 студент коронавирус жұқтырды" деген ақпаратқа түсініктеме берді
Министр коронавирусқа байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады
Кілт сөздер:
әуе қатынасы, Қытай, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып