19:06 25 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD376.43
  • EUR407.11
  • RUB5.76
Экономика
Қысқа сілтеме алу
283 0 0

Отын және қызметтер бағасының өсімі Қазақстандағы инфляцияға әсер етті, деді ұлттық банк төрағасының орынбасары

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Қаңтарда жылдық инфляция 5,6% құрады. Азғантай өсім реттелетін қызметтер мен бензин бағасы тарапынан көрсетілген қысымның салдары болды, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов.

"Азық-түліктік емес жылдық инфляция 5,2% құрады (өткен айда 5% болған). Бұл акциздердің артуына байланысты бензиннің қымбаттауы есебінен болды. Көлік қызметтері және электр қуаты бағасының өсімі ақылы қызметтер инфляциясының ұлғаюына ықпал етті (инфляция 2019 жылдың желтоқсанындағы 0,7%-тен 1,4%-ке дейін артты)", - деді ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Ал азық-түліктік инфляция қаңтарда баяулады. Бұған жеміс-жидек, көкөніс, ет, ет өнімдері, нан-тоқаш өнімдері, жарма, балық, май бағасы өсімі қарқынының төмендеуі әсер етті. Осылайша, 2020 жылы азық-түліктік инфляция баяулай түседі деп болжанып отыр.

Тағы оқыңыз: Жанармай бекетінде бензинді аз құяды – жүргізуші не істеуі керек?

Тақырып бойынша

Қаржы министрі бензиннің неге қымбаттағалы жатқанын түсіндірді
Жалақы, жәрдемақы және кредит: Қазақстанда 2020 жылдан бастап не өзгереді
Қазақстанда қаңтардан бастап бензин бағасы өсті
Елімізде 2020 жылы ең төменгі жалақы мөлшері қанша болады
Биылдан бастап кімдер салық төлемейді – министрлік еске салды
Кілт сөздер:
қымбаттау, бензин, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып