18:38 25 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD376.43
  • EUR407.11
  • RUB5.76
Экономика
Қысқа сілтеме алу
125 0 0

2020 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша, Қазақстандағы зейнеткерлер саны – 2 млн 222,5 мың адам

АЛМАТЫ, 13 ақпан – Sputnik. 2020 жылдың қаңтарында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеу үшін 62,1 млрд теңге, ынтымақты (еңбек) зейнетақы төлемдеріне 138,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2020 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 222,5 мың адам. Ал базалық зейнетақы төлемдерін қоса алғанда, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 2020 жылдың 1 ақпанында 90 502 теңгені құрап отыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның зейнетақы қоры 174 мың адамды іздеп жатыр

"2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесінде қатысу өтілін (мерзімін), тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін ынтымақты жүйеде жинақталған және міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер негізінде, сол күннен кейін жинақталған өтіл қосылады. Сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналарын төлеудің бір айы жинақталған зейнетақы жүйесіндегі бір айлық тәжірибе болып саналады", - делінген ақпаратта.

Министрлік мәліметінше, 2020 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі – 31 183 теңге. Егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз болса немесе мүлдем болмаса, базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ын құрайды. Содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артып отырады.

"Еңбек өтілі 20 жыл болған жағдайда базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-ын, 30 жыл – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 94%-ын құрайды. Жұмыс өтілі 33 жыл және одан да көп болған кезде, ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100% максималды мөлшерінде белгіленеді", - деп көрсетті министрлік.

Азаматтың зейнеткерлік жасқа жеткендегі базалық зейнетақы төлемінің мөлшері міндетті зейнетақы жарналары қаншалықты тұрақты және толық төленгеніне байланысты болады.

Демек, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері (ынтымақты) 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай) және зейнетке дейінгі орташа айлық табысқа байланысты болады.

Тақырып бойынша

Министр Нұрымбетов президент кеңесшісінің атышулы жазбасына жауап берді   
Қазақстанда бала үш жасқа толғанға дейін жәрдемақы төленуі мүмкін
Министр зейнетақы жинағының тең жартысын кімдерге алуға болатынын айтты
"Бұдан бәрі ұтады": министр жалақыға қатысты жағымды жаңалықты бөлісті
Қазақстанда зейнетақы төлеу тәртібі өзгеруі мүмкін: кім қанша алады?
Кілт сөздер:
министрлік, зейнетақы, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып