20:57 19 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Экономика
Қысқа сілтеме алу
309 0 0

Үкіметтен министрліктерге 88 өкілеттік беріледі. Сонымен бірге, министрліктер арасында екі функция қайта бөлінеді

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Үкіметтен министрліктерге 88 өкілеттік беріледі, сондай-ақ министрліктер арасында екі функция қайта бөлінеді. Ал орталықтан өңірлерге үш функция беріледі. Бұл туралы бүгін ұлттық экономика министрінің орынбасары Айгүл Шайымова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілісте кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы таныстырылды.

Шайымова, өкілеттіктерді қайта бөлу басқарудың оңтайлы құрылымын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

"Үкіметтен министрліктерге 88 өкілеттік беріледі. Уәкілетті органдар құжаттардың үлгілік нысандарын өздері бекітеді. Мәселен, жыл сайын 10 мыңнан астам адам үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеуге өтініш береді. Бұл өтініштерді білім және ғылым министрлігі үш күн ішінде қаратын. Бір қарағанда, өтінімді қарау мерзімі қысқа. Бірақ, оларды жеткізуге біраз уақыт кетеді. Ал бұл түзетулер халыққа осы қызметті алудың ыңғайлы тәсілін ұсынады", - деп түсіндірді ол заң жобасын таныстыру барысында.

Сонымен бірге, министрліктер арасында екі функция қайта бөлінеді.

Атап айтқанда, заңнама талаптарын сақтау аясында тарихи және (немесе) мәдени құндылығы бар жазбаларды сақтау тәртібін анықтау жөніндегі өкілеттікті ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі уәкілетті орган ретінде мәдениет және спорт министрлігіне беру ұсынылып отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінен экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне табиғи ресурстардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау жөніндегі өкілеттік беріледі.

Тағы оқыңыз: "Халықпен кездескісі келмейді": министрліктер үйінде шу шықты – видео

"Одан әрі орталықсыздандыру жалғасады. Осыған байланысты орталықтан өңірлерге үш функция бөлінеді. Өңірлерге шекаралық аймаққа кіретін жолдарда жол белгілерін орнату құқығы беріледі. Білім және ғылым министрлігінен өңірлерге арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті талдауды жүргізу бойынша өкілеттік беріледі", - деді Шайымова.

Сонымен қатар, заң жобасында кейбір өкілеттікті облыстық деңгейден аудандық деңгейге беру көзделген. Олар: жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзірлеу жөніндегі өкілеттік.

Вице-министр өкілеттіктерді бөлу мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы талап етпейтінін айтты.

Тақырып бойынша

Министрлік Қордайдағы жаппай төбелес қалай басталғанын айтып берді
Үкімет Тоқаевтың сөзінен кейін ақшаны үнемдеудің жолын тапты
Қордайдағы қақтығыс: министрлік ұсталғандар санын жария етуден бас тартты
Бас прокурордың орынбасары қазақстандықтарға үндеу жасады
Қаңтарда қазақстандықтарға 200 млрд теңге зейнетақы төленді – министрлік
Кілт сөздер:
өзгерістер, жұмыс, министрлік, Үкімет
Загрузка...

Басты тақырып