01:27 21 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Экономика
Қысқа сілтеме алу
137420

Бүгінде Қазақстан Youtube-ті пайдалану жағынан әлем бойынша төртінші орында тұр. Соған қарамастан, осы желінің жарнамасынан түсетін ақшаның көлемі мардымсыз

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik, Арман Асқар. Бүгінде интернет арқылы пайда тауып жатқан адамдар аз емес. Қазақстандық блогерлер мен влогерлер де сапалы контентпен табыс көруге болады деп отыр. Sputnik Қазақстан тілшісі танымал паблик және арна өкілдерімен тілдесіп, интернет арқылы қанша ақша табуға болатынын білді.

Блогер мен бизнесмен айырмашылығы

"ZTB media" бас директоры Әлішер Базарханов интернет арқылы біраз ақша табуға болады дейді. Ол үшін бір ғана арнамен шектелмеу керек. Пабликтерді де жүргізуге болады.

"Негізі, қазақ тілді блогерлер 300-400 мың теңге пайда таба алады. Бұдан бөлек, пабликтердің өздері айына, кем дегенде, 1,5 миллиондай кіріс әкеледі. "ZTB Qazaqstan" деген паблигіміз сондай ақша табады. Бұл – ең аз көрсеткіш. Біз бұқаралық ақпарат құралы болып саналамыз. Өзімдіздің блогерлеріміз, 40-қа жуық паблигіміз бар. Бізге жарнама береді немесе өзіміз ірі компанияларға барып, ұсыныс жасаймыз", - деді Базарханов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Оның айтуынша, отандық және шетелдік компаниялар тапсырысты айына немесе жылына береді. Сөйтіп, жарнама үшін ақша төлейді. 

"Қазіргі кезде қазақ тілінде жарнамаға тапсырыс беру көбейіп келеді. Мысалы, бір қазақи бренд бар, олар бізден бір жылға жарнама алып қойды. Youtube-те интеграциялар өте көп. Бірақ блогерлердің көбі оны жасай алмайды. Осыны үйрену керек", - деп атап көрсетті Әлішер Базарханов.

Базарханов блогерлердің басым бөлігі актер, бірақ бизнесмен емес деп отыр. Содан компанияларға барып, өз өнімін сата алмайды.

"Ал интеграция дегеніміз не? Ол - компанияларға барып, жарнамаға тапсырыс алу. Блогерлер соны жасай алмайды. Себебі блогер – контент жасайтын адам, өз рөлін ойнайтын актер. Ол бизнесмен емес. Ондайда өнімді сататын адам керек. Мысалы, Apple компаниясын екі адам ашты. Біреуі – шығармашылық адам, бағдарлама жасаушы Стив Возняк, екіншісі – өнім сататын Стив Джобс. Сол сияқты екі адам болуы керек. Сонда блогерлер көп ақша таба алады", - дейді Әлішер Базарханов.

Youtube арнаның табысы қандай

"Salem Social Media" компаниясының бас директоры Александр Аксютицтің айтуынша, бүгінде қазақ тілді арналардың қанша пайда көретіні туралы нақты есеп бар. Youtube-тің ресми әріптестері ол ақша көлемі өткен жылы 400 мың доллар болды деп отыр.

"Сонда бізде 100 қазақ тілді арна болса, әрбіреуі 4 000 доллардан пайда тапты деген сөз. Негізі, бұл көп ақша емес, тиын-тебен ғой. Өкінішке қарай, солай болып тұр. Бір қызығы, көрші Қырғызстанда аудитория аз болса да, ол елдің блогерлері Youtube жарнамасы арқылы Қазақстаннан әлдеқайда көп ақша табады", - деді Аксютиц Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Қазақстан халықтың Youtube-ті пайдалану жағынан әлем бойынша төртінші орында тұр. Соған қарамастан, осы желінің жарнамасынан түсетін ақшаның көлемі мардымсыз. Оның да өзіндік себебі бар.

"Меніңше, негізгі проблема мынада, аудиторияның басым бөлігі – қазақ тілді адамдар. Алайда жарнама берушілер дәл осы аудиторияны тұтынушы ретінде қарастырмайды. Содан тапсырыс та бермейді. Ал жарнама түспегесін ақша да болмайды. Бұның бәрі бизнес қой", - деп атап көрсетті Александр Аксютиц.

Youtube-те видеоға кірген адамдардың санына қарай ақша төлеу жүйесі де бар. Ол үшін компанияның әріптесімен келісімшартқа отыруы қажет. Осыдан кейін 1 миллион рет көрілген видео үшін 300 долларға жуық пайда көруге мүмкіндік бар. Бірақ ол видеоға түскен жарнаманың көлемі де ескеріледі.

"Алдағы уақытта веб-сериалдар танымал болады. Бұл – әлемдік тренд. Ол Қазақстанға да келді. Сосын, қазақ тілді аудиторияның өзі сериалдарды жақсы көреді ғой", - деп атап көрсетті Аксютиц.

Қазақ тілді жарнаманың жабылуы

Александр Аксютиц Youtube-тің қазақ тілді жарнаманы жауып тастағанын да айтты. Ол да табыс көлеміне кері әсерін тигізіп отыр.

"Білуімше, олар Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және тағы бірнеше елдегі бөлімшелерін жауып тастады. Ол жердегі мамандар не істейді? Мысалы, қазақ тіліндегі жарнама ролигін шығару үшін Youtube маманы оның мазмұнын қарап шығуы қажет. Маман соған жауап береді. Өткен жылы оларда қазақ тілді мамандар болған. Қазір жоқ. Меніңше, пайда түспегесін жауып тастады", - дейді ол. 

Ал "ZTB media" бас директоры Әлішер Базарханов онымен келіспейді. Қазақ тілді жарнаманы ашуға болады. Ол үшін компания менеджерлеріне хат жазу керек. 

Тағы оқыңыз: Қазақстанда бірнеше қылмыстың жазасы қатаңдатылды

"Біздің Қазақстан екенімізді, қазақ тілінің бар екенін жазып жеткізу керек. Әйтпесе, олар білмейді. Оларға жазып түсіндіру қажет. Менің ойымша, Александрдың айтқаны дұрыс емес. Өйткені олардың "Aitu" деген өздерінің жобалары бар. Сол себепті солай айтып жатыр. Қазір таргет бар, мысалы, Facebook. Таргетке қазақ теңгесін кіргізіп жатыр. Youtube-ке де қазақ тілін кіргізсе болады. Ол компания ашық, жұмыс істеуге дайын. Бірақ соны жасайтын адам жоқ", -  дейді Базарханов.

Осы орайда "ZTB media" басшысы интернет арқылы ақша тапқысы келетін адамдарға кеңес берді.

"Мысалы, көп адам өздерін көрсеткісі келмейді. Дұрыс сөйлей алмаймын, эфирге шыға алмаймын деп ойлайды. Ондай адамдар көбінесе паблик ашады. Ал танымал болғысы келетін адамдар блогер болып кетеді. Сондықтан барлығы адамның өзіне байланысты. Негізі, 2020 жылы Youtube трендте болады. Өйткені адамның бәрі Youtube-ке кіріп жатыр. Қазір бастап кетсеңіз, ертең үлкен арнаға айналасыз. Ірі компаниялардың көбісі Youtube арнаны сұрайды", - деп атап көрсетті Әлішер Базарханов.

Тақырып бойынша

Көріпкел Алматы тұрғынын 27 миллион теңгеге алдап кетті
Олимп енді ставка қабылдамайды – букмекер кеңсесінде не болып жатыр
"Тыйым салу керек": депутат мектепте неден бас тарту қажет екенін айтты
Павлодарда мектеп мұғалімінің қылмысы әшкере болды
Бас прокурордың орынбасары қазақстандықтарға үндеу жасады
Кілт сөздер:
ақша, интернет, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып