04:57 09 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD435.54
  • EUR473.08
  • RUB5.76
Экономика
Қысқа сілтеме алу
271 0 0

Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев геологиялық барлау саласында бірқатар мәселе бар екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев елімізде пайдалы қазба қорларының азайып бара жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр геологиялық барлау саласында бірқатар мәселе бар екенін атап өтті. Соны шешу үшін президент тапсырмасымен геологиялық барлаудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы әзірленген.

"Бүгінгі таңда бірқатар мәселе күн тәртібінде тұр. Атап айтсақ, моноқалалардағы тау-кен кәсіпорындарында шикізат базасының тұрақсыздығы, пайдалы қазба қорларының азаюы мен байырғы кен орындарында өндіру көлемінің төмен деңгейге түсуі", - деді Мырзағалиев үкімет отырысында.

Айтуынша, Қызылорда облысында жыл сайын мұнай өндіру көлемі бір миллион тоннаға дейін төмендеп жатыр. Таяу арада Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында да төмендейді болжануда.

"Соңғы он жылдықта Шығыс Қазақстандағы моноқалаларға жақын орналасқан Юбилейное, Зыряновское, Шемонаихинское мен тағы басқа ірі қорғасын-мырыш кен орындарының қоры түгелдей таусылып жабылды. Ал 25-40 жылдарға таман Орловское, Малеевское, Тишинское, Риддер, Сокольный сияқты кен орындарында да пайдалы қазба қорларының толықтай сарқылуы күтілуде", - деді министр.

Тағы оқыңыз: "Араб Әмірліктері сияқты өмір сүреміз": президенттікке кандидаттардың ұрымтал сөздері

Бұдан бөлек, геологиялық саланың алдында тұрған өзекті проблемалардың бірі - қорларды толықтыру деңгейінің төмендігі.

"Геологтер бір тонна өндірсе, барлау жасап, орнына екі тоннамен толтыр деген қағиданы ұстанады. Бірақ та бүгінгі күні олардың өсім деңгейі коэффициенті қатты пайдалы қазбалар бойынша 0,13, ал көмірсутек шикізаты бойынша 0,9 құрап отыр. Сондықтан да жаңа кен орындарын ашу және іске қосу үшін кем дегенде 10-15 жыл уақыт кететінін ескере отырып, геологиялық барлау жұмыстарын қазірден бастап жандандыру қажет", - деп санайды ол.

Министр Қостанай облысының, орталық пен Шығыс Қазақстан арасындағы аумақтардың, Қырғызстанға іргелес еліміздің оңтүстігінің алтын кен орындарына әлеуеті зор екенін айтты.

Қорғасын мен мырыштың жаңа кен орындары Қазақстанның орталық, оңтүстік және кенді Алтай өңірлерінде ашылуы мүмкін.

Сонымен қатар, бұл аудандарда фольфрам, молибден, алюминий, қалайы мен сирек кездесетін элементтер кен орындарын ашуға мүмкіндік бар.

Мырзағалиевтің ақпаратынша, қазір республикада сегіз мыңға жуық кен орны тіркелген. Оның ішінде 317-і - көмірсутек, яғни мұнай-газ конденсат кен орындары.

Одан бөлек, 910 кен орны қатты пайдалы қазбалар болса, үш мыңнан астамы кең таралған пайдалы қазбаларға тиесілі. Сонымен қоса, төрт мыңға жуық жерасты сулары кен орындары бар.

Тақырып бойынша

Мәскеуде ежелгі Қазақстанның құнды жәдігерлері көрмеге қойылады
Ясауи кесенесі маңынан адам сүйектері табылды: мамандар мәлімдеме жасады
Қазақ археологиясының атасы: Әлкей Марғұланның туғанына биыл 115 жыл
Қазақстанда тағы бір "Алтын адамның" жерленген жері табылды - фото
Мұнай таусылғаннан кейін не болады?
Кілт сөздер:
газ, қазба жұмыстары, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып