22:08 07 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD439.01
  • EUR474.61
  • RUB5.75
Экономика
Қысқа сілтеме алу
55 0 0

Мемлекет басшысы сондай-ақ контейнерлік транзит, отандық тауарлардың үлесін көбейту қажеттігін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Қазақстан темір жолы" ҰК" акционерлік қоғамының 2019 жылғы жұмысының қорытындылары және теміржол саласын дамыту перспективалары жайында баяндалды.

Сауат Мыңбаев Қазақстан президентіне компания жұмысына қатысты кейбір заңнамалық және реттеу аспектілеріне қатысты мәлімет берді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Сауат Мыңбаевқа жүк тасымалының көлемін ұлғайту, контейнерлік транзит, отандық тауарлардың үлесін көбейту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру секілді бірқатар нақты тапсырма берді.

Теміржол тасымалында не өзгерді

Өткен жылы жолаушыларды тасымалдайтын барлық пойызда темекі шегуге тыйым салынды. Бұрын тамбурда шегуге рұқсат берілетін. Пойыз тоқтағанда перронға шығып, темекі шегуге болады. Ал пойыз жолсеріктері заңсыз ақша алып, темекі шегуге жағдай жасаса, тиісті шара қолданылады.

Пойыз билеттері екі есе арзандайды: жеңілдікке кімдер ие болады?

Жолаушы пойызында темекі шеккен адам ұсталса, жолсеріктер бірден желілік полицияны шақырады. Сол жерде хаттама рәсімделеді. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 571-бабына сәйкес, жолаушылар тасымалы туралы ережені бұзғаны, яғни темекі шеккені үшін 5 айлық есептік көрсеткіш (12 625 теңге - Sputnik) айыппұл салынады.

2019 жылдың соңында "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы билеттерді делдалдардың қатысуынсыз және қосымша шығындарсыз сатып алуға мүмкіндік беретін мобильді қосымшаны тестілік режимде іске қосты.  

Тақырып бойынша

"Неге күлесіз?!": Нығматулин министр Атамқұловқа ескерту жасады
Тоқаев бірнеше заңға қол қойды
Жээнбеков Тоқаевқа Қытайдан қырғыздарды әкелуге көмектескені үшін алғыс айтты
Тоқаев Нұр-Сұлтандағы аса қымбат жобаны сынға алды
Тоқаев жазда пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасайтындарға шүйлікті
Кілт сөздер:
Сауат Мыңбаев, жүк тасымалдау, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып