Экономика

Қазақстанның зейнетақы қоры кімдердің шотына ақша түспей жатқанын мәлімдеді

© Sputnik / Владислав ВодневТенге, деньги
Тенге, деньги - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры сұраусыз қалған 675 мың шоттың иесін тапты. Оларға көп жылдан бері жарна түспеген   

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлері өткен жылы сұраусыз қалған 675 мың зейнетақы шотының иелерімен байланыс орнатты, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Олар – бір жыл және одан да көп жылдардан бері жарна түспеген "ұйқыдағы" шоттар. Арасында өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, жұмыссыздар, сондай-ақ зейнетақы жарналарын уақытша аудармағандар: үйде бір жылдан астам уақыттан бері декреттік демалыста отырғандар, тәжірибе жұмысындағылар, тағылымдамадан өтушілер, үй шаруасындағы әйелдер, мүгедектігі бар адамдар, әскери қызметшілер және сотталғандардың шоттары бар.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның зейнетақы қоры 174 мың адамды іздеп жатыр 

Қор мамандары ақпарат беру-түсіндіру жұмыстары аясында салымшыларға міндетті зейнетақы жарналарын аударудың маңыздылығын түсіндірді. Соның арқасында 128 мың жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 4 миллиард теңгеге 523 202 жарна келіп түсті.

Осылайша БЖЗҚ "ұйқыдағы" шоттарды жандандыру, соңғы жылдары шоттарына зейнетақы жарнасын аудармай жүрген салымшыларды іздестіру жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.

Жаңалықтар
0