12:14 07 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Экономика
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1083)
130 0 0

Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібімен отандық кәсіпорындар қолдауға ие болып, ірі және маңызды сатып алулар Қазақстан президентімен келісілетін болады

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов дағдарыс жағдайында мемлекеттік сатып алулардың тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, президенттің экономиканы тұрақтандыру шаралары туралы жарлығы бойынша салық салу, мемлекеттік сатып алу мен бюджетті пайдаланудың ерекше тәртібі қарастырылған. Осы орайда, Смайылов дағдарыс жағдайында мемлекеттік сатып алуларды жүргізу шараларына тоқталды.

"Дағдарыс жағдайы кезеңінде мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі қолданылатын болады. Сондықтан да ең алдымен отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін мемлекеттік сатып алу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы Қазақстан аумағында өндірілетін тауарлар мен оларды өндірушілердің тізбесін айқындайды. Мұндай тауарларды мемлекеттік сатып алу жедел әрі жеңілдетілген түрде, тек отандық өндірушілер арасында ғана жүзеге асырылады", - деді Смайылов үкіметте өткен онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібімен отандық кәсіпорындарды қолдап қана қоймай, жаңа өндірістерді де ашуға болады. Ал үкімет дағдарыс жағдайында шұғыл шешім қабылдап, жылдам әрекет ете алады.

"Мысалы, бетперде немесе қорғау құралдарын шұғыл сатып алу, аурухана салу және тағы басқа да қызметтерді алып қарайық. Бұл ретте конкурстық рәсімдер 60 күнге дейін созылуы мүмкін. Осыған байланысты жұмыс тобына бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізу үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және жекелеген өнім берушілерді айқындау бойынша өкілеттіліктер берілетін болады. Бұл ретте ірі және маңызды сатып алулар Қазақстан президентімен келісіледі. Басқа сатып алулар жалпыға бірдей тәртіппен жүзеге асады", - деп атап көрсетті Смайылов.

Бүгінде төтенше жағдайға байланысты санитарлық-эпидемиологиялық шаралар күшейтіліп отыр. Дәріханаларды қажетті препараттар мен қорғаныс құралдарымен, ал сауда орындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмысына баса назар аударылуда.

"Осы орайда айта кетер жәйт, елімізде дәрі-дәрмек пен азық-түлік жеткілікті. Сондықтан азық-түлікті артығымен алып, дүрлігудің қажеті жоқ", - деді Смайылов.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1083)

Тақырып бойынша

Қазақстанның миллиондаған қаржысы желге ұшып жатқаны анықталды  
"Мұны тоқтату керек" облыс әкімі қымбат көлік сатып алуға тыйым салды
Қазақстан экономикасы коронавирустан қанша ақша жоғалтқаны белгілі болды
Қазақстанда коронавирусқа байланысты халықаралық конференция өтпейтін болды
Тоқаевтың тапсырмасынан кейін қомақты қаржы үнемделмек
Кілт сөздер:
Әлихан Смайылов, аурухана, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып