04:39 31 Наурыз 2020
Тікелей эфир
  • USD448.01
  • EUR495.86
  • RUB5.64
Экономика
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (453)
49 0 0

Тоғжанов әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз көтергендер қатаң жазаланатынын ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдай кезеңінде өңірлерді азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 32 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Азық-түлік пен халыққа ең қажетті тауарлар үздіксіз жеткізіледі. Елімізде азық-түлік пен дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Үкімет пен әкімдіктер 32 миллиард теңге бөледі. Оның 14,8 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен, ал қалғаны жергілікті бюджеттен", – деді Тоғжанов үкіметте өткен брифингте.

Ол әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз көтергендер қатаң түрде жазаланатынын ескертті.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда нан бағасы 95 теңгеден аспайды

Айта кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтанның сауда орындарында бір адамға күріш, қант, ұн және қарақұмық бес келіден артық сатылмайтыны хабарланды. Сонымен бірге, күнбағыс майына да бес литрге дейін шектеу қойылды.

19 наурыздан бастап астана мен Алматы карантинге жабылды. 22 наурыздан бастап бұл екі қалаға кіруге және одан шығуға тыйым салынады.

Қазіргі уақытта елде 49 адам коронавирус жұқтырды. Оның 25-і – астанада, 22-сі – Алматыда және екі адам Қарағандыда тіркелді.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (453)

Тақырып бойынша

"Бұған жол бермейміз": министр Сұлтанов кәсіпкерлерге ескерту жасады
Көлгінов астанада қанша азық-түлік бар екенін айтты
Вице-премьер кімдер жыл соңына дейін салықтан босатылатынын айтты
Алматыда 29 базар карантинге жабылды
Нұр-Сұлтанда кейбір азық-түлік түрлері бес келіден артық сатылмайтын болды
Кілт сөздер:
Ералы Тоғжанов
Загрузка...

Басты тақырып