20:18 18 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD422.90
  • EUR498.90
  • RUB5.64
Экономика
Қысқа сілтеме алу
974010

Ұлттық банк жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын әзірледі. Ол  жеке кәсіпкерлерге 12 айға дейінгі мерзімге беріледі 

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Ұлттық банк шағын және орта кәсіпкерлерді жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасының бекітілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан банктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Банктің мәліметінше жаңа бағдарлама коронавирус пандемиясына және оның Қазақстан экономикасына теріс ықпалына байланысты төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау үшін жасалды. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев та тиісті тапсырма берген. Осылайша Ұлттық банк қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын әзірледі. 

"Бағдарламаны іске асыру үшін екінші деңгейлі банктерде негізделген салымдарды орналастыру арқылы 600 миллиард теңге бөлінді. Бизнесті қолдау тетігі екінші деңгейлі банктердің төтенше жағдайдың енгізілуі салдарынан зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, жеке кәсіпкерлерге 12 айға дейінгі мерзіммен жылдық 8%-тен аспайтын мөлшерлеме бойынша айналым қаражатын толықтыруға жеңілдікпен кредиттер беру арқылы іске асырылады", - делінген ресми хабарламада.

Екінші деңгейлі банктер бөлінген қаражатты 3 айдың ішінде игеруі тиіс. Бағдарламаның операторы – Ұлттық банк жанындағы "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ. Кредиттер 13 банк арқылы беріледі.

Тек әйелдерге беріледі: Қазақстанда жаңа ипотека пайда болды

"Бағдарламаға қатысушы банктерге бөлінген қаражатты мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алуға, басқа банкттердегі депозиттерге орналастыруға, шетел валютасын сатып алуға және өзге де мақсатқа пайдалануға тыйым салынады. Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-мен бірлесіп кәсіпкерлерге берілген жеңілдікті кредиттердің уақытылы және нысаналы пайдаланылуына ай сайынғы негізде мониторинг жүргізеді", - делінген бірлескен мәлімдемеде.

Тақырып бойынша

"Ауыл халқына олай қарамау керек": тәжірибелі сенатор Дана Нұржігітке ескерту жасады
"Бақытты отбасы" бағдарламасы: 2%-пен қалай баспана алуға болады - видео
Депутат Қытайдан алынатын қарыздың пайдасын түсіндіре алмағандарға шүйлікті
Қарапайым заттар экономикасы: Қазақстанда несиелеу шарттары жеңілдейді
Тоқаев жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысты тапсырма берді
"Қара тізімге" ілінгендерге 2,5 проценттік кредит беріле ме?
Кілт сөздер:
Қазақстан, кредит
Загрузка...

Басты тақырып