14:29 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Экономика
Қысқа сілтеме алу
3524 0 0

Президенттің айтуынша, алдын ала есеп бойынша мұндай қолдауға кемінде 1,5 миллион отандасымыз ие бола алады

НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткізген төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында коронавирус індетіне байланысты табысын жоғалтқан адамдарға жәрдемақы төлеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгінде тек Алматы қаласындағы карантин кезеңінде кәсіпорындардағы жұмысшылар саны 266 мың адамға азайды. Бұл жағдай жеке кәсіпкерлер арасында да байқалып, олардың 80%-ті өз қызметін тоқтатқан.

"Алдын ала есептеулер бойынша қазіргі жағдай 500 мыңға жуық азаматтың қаржылық жағдайына кері әсерін тигізді. Сондықтан, төтенше жағдай салдарынан кірісін жоғалтқан адамдарға 1 ең төменгі жалақы (42 500 теңге) көлемінде ай-сайынғы төлемдер жасауды тапсырамын", – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, алдын ала есеп бойынша мұндай қолдауға кемінде  1,5 миллион отандасымыз ие бола алады.

"Қажет болса, қолдау көлемін ұлғайтуға резервтік қор жеткілікті. Сонымен қатар қолдау түрлерін кеңейту жағы қарастырылады. Мемлекеттік комиссияға төлемдердің ашық әрі тиімді тетігін жасауды тапсырамын", – деді президент.

Оқи отырыңыз: Тоқаев 55 жастан асқан адамдардың үйде отыруын қамтамасыз етуді тапсырды

Ал мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауға кімдер ие болатындығын қоғам өкілдері мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері кіретін арнайы өңірлік штабтар анықтайды.

Бұдан бөлек, кәсіпкерлер де жұмыс орындарын сақтап, қызметкерлерді жұмыстан шығармауды ойластыру керек, деді Тоқаев. Ол комиссияға жұмыс берушілерді, әсіресе, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша кешенді іс-шаралар әзірлеуді тапсырды. 

Тоқаевтың төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінің толық мәтінін Ақорданың ресми сайтынан оқи аласыздар. 

 

 

Тақырып бойынша

Назарбаев: Мерекелік көңіл-күйге бөленуге ештеңе кедергі бола алмайды
Бұл індетке жайбарақат, бей-жай қарауға болмайды – Тоқаев  
"Бұл әзіл емес": Тоқаев үкіметке тапсырма берді
Қазақстанда 8 процентпен кредит беріледі
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып