20:38 28 Наурыз 2020
Тікелей эфир
  • USD445.84
  • EUR490.47
  • RUB5.73
Экономика
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (407)
107 0 0

Мұндай мүмкіндік төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты табысын жоғалтқан қазақстандықтарға беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. Ұлттық банк коронавирус салдарынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында "7-20-25" және "Баспана-хит" тұрғын үй бағдарламаларына өзгеріс енгізді. Төлемді 90 күнге шегеру мүмкіндігі қарастырылып отыр.   

"Бағдарламада негізгі қарыз төлемдері кейінге шегеріледі және (немесе) сыйақы бойынша 90 күнге дейін өсімпұл салынбайды. Бұл елде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты табысынан айырылған тұрғындар үшін қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.

Банктерге қарыз алушыларға қолдау көрсету шараларын жүзеге асырып, әр жағдайды жеке қарастыру тапсырылды.

"Төтенше жағдай кезінде қиын жағдайға тап болған қарыз алушылар банкпен бірге төлем жасаудың тиімді механизмін жасайды. Бұл өзгеріс кредит алушы туралы мәліметте көрсетілмейді", - деп жазылған ұлттық банк таратқан ақпаратта.

Тұрғын үй бағдарламалары арқылы қарыз алғандар ай сайынғы төлемдерді 16 наурыздан бастап кейінге шегере алады. Бұл күні елде төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.

Еске сала кетсек, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындардың негізгі қарызы мен сыйақыны төлеуін уақытша тоқтатуды тапсырды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда бір реттік төлем барлығына неге берілмейді – министр түсіндірді

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (407)

Тақырып бойынша

Қазақстанда 8 процентпен кредит беріледі
Тоқаев тапсырмасы: қазақстандықтардың кредит және салық төлемі кейінге шегеріледі
Қазақстанда тағы 7 адам коронавирус жұқтырды
Петропавлда COVID-19 жұқтырған науқас туралы ақпарат жарияланды
Алматының бас санитар дәрігері карантиннен шықты
Загрузка...

Басты тақырып