03:05 29 Наурыз 2020
Тікелей эфир
  • USD445.84
  • EUR490.47
  • RUB5.73
Экономика
Қысқа сілтеме алу
118 0 0

Әлем дағдарыс кезеңін бастан өткеруде. Коронавирусқа байланысты көптеген елде қатал карантин енгізіліп, адамдар өмір салтын өзгертуге мәжбүр болып жатыр

Көмірсутегін өндірушілер үшін теріс әсер ететін мұнай және газ нарығында қатты ауытқулар байқалғандықтан, біз айтарлықтай экономикалық нәтижелерді көріп отырмыз. Бұл жағдайды коронавирус індеті одан сайын ушықтыра түскен болмаса, мұнай мен газ нарығындағы проблемалардың түпкі себебі ол емес, дейді Ресей Ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қорының жетекші сарапшысы Игорь Юшков.

1 сәуірден әркім қалауынша өндіреді

Артық өндіру салдарынан көмірсутектің төмен бағасы туындайды. Ал газ нарығында бірден бірнеше факторлар пайда болды:

  • 2019 жылы газды сұйылту қондырғылары бар зауыттардың рекордтық саны іске қосылды;
  • Украинаның "Нафтогаз" компаниясымен арада жанжал туындағандықтан, еуропалық компаниялар мен ресейлік "Газпром" Украина арқылы газ жеткізілімін тоқтатуға дайындалып жатты. Нәтижесінде еуропалық жерасты сақтау қоймаларына газдың рекордтық көлемі айдалды;
  • 2019-2020 жылғы қыс Еуропа мен Азияда өте жылы болды. Нәтижесінде, Еуропа жерасты қоймаларындағы рекордты газ қорымен жылыту маусымынан шықты. Ал Ресей газының Украина арқылы транзиті жалғасып жатты. Азиядағы газ бағасының төмендеуіне байланысты СТГ жеткізушілерінің бірқатарына шикізатты Еуропада сату тиімді болды;
  • ақпан айының соңында коронавирус бүкіл Қытайға тарала бастаған кезде, ресми Бейжің көлік құралдарының қозғалысын шектеп, көптеген кәсіпорындардың жұмысын тоқтататын карантиндік шаралар енгізді. Нәтижесінде Қытайда мұнай мен газды тұтыну төмендеп, көмірсутек импортын азайта бастады. Жеткізушілердің бұл көлемді басқа нарықтарға бағыттауынан басқа амалы қалмады. Ал бұл Еуропадағы жеткізілімнің көбеюіне және бағаның қосымша төмендеуіне әкелді.

Мұнай өнеркәсібі де артығымен өндіру дағдарысын бастан кешуде. 2016 жылдан бастап ОПЕК + келісімі әрекет етеді. Соның аясында Ресей, ОПЕК және басқа да бірқатар елдер мұнай өндіру көлемін азайтты, бұл бағаның өсуіне сеп болды. Мұны кеңейтілген картельдің мүшелері болып табылмайтын елдер қолданды.

Атап айтқанда, АҚШ-тағы тақтатас мұнай өндірушілері үшін қазіргі бағалар қолайлы болғандықтан, олар өндірісті ұлғайтты. АҚШ өндірісінің қалыпты жағдайда ұлғаюы мұнай бағасының тақтатас жобаларының кірістілігі деңгейіне дейін төмендеуіне әкеледі. Ал тәжірибе жүзінде, АҚШ-та тақтатас мұнайы өндірісі барреліне шамамен 50 доллардан өсуді тоқтатқанын көрсетті.

Алайда жоғарыда айтылғандай коронавирус салдары Қытайда мұнай тұтынуын айтарлықтай тежеді. Бүкіл әлем бойынша өндіріс қарқыны бір деңгейде болғандықтан, артық өндіріс жағдайы күрт пайда болып, бағалар төмендей бастады.

Оқи отырыңыз: Мұнай бағасының төмендеуі әлемдік газ нарығына қалай әсер етеді

6 наурызда ОПЕК+ мүшелері жағдайды тұрақтандыру аясында өндірісті қосымша төмендету көлемдері туралы келісімге келе алмады. Бұл нарықтағы таңданарлық жағдай болды. Өйткені 1 сәуірден бастап әлемнің барлық елі қалағанынша мұнай өндіре алады. Іс жүзінде бұл өндірісті жасай алатындардың көбейетінін білдіреді.

Өзгеріс маусымнан кейін болуы мүмкін

Көмірсутекті ірі өндірушілер үшін қазіргі жағдай бірнеше жағымсыз салдарға ие. Газды экспорттаудың ұзақ мерзімді келісімшарттары "мұнаймен байланысты", яғни газ бағасы мұнай бағасынан кейін түсіп кетті. Сонымен қатар, проблемалар тек Ресейде ғана емес. Әзірбайжан TANAP газ құбыры арқылы Түркияға газ жеткізуді бастады.

Әрі қарай газ Греция мен Болгарияға (әрқайсысына 1 миллиард текше метрден) жіберіледі, ал 2020 жылдың соңына дейін Италияға TAP газ құбыры салынып бітуі тиіс. Енді бұл елдердің сұранысы мен оның қол жетімділігі туралы сұрақ туындайды. Өйткені "Шах-Дениз" кен орнын дамытуға (TANAP ресурстық базасы) 46 миллиард доллардан астам қаражат инвестицияланған. Баку жаңа инвестицияларды қажет етеді, өйткені бірқатар кен орындары табиғи сарқылу кезеңінде: айталық, 2017-2018 жылы Әзірбайжанның Ресей газын сатып алуына тура келген.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Ресей газ құбырын тартуға қатысты келіссөзді жалғастырады

Көмірсутегі бағасының төмендеуінен Қазақстан да зардап шегуде. Мұнай мен газ экспортынан түсетін кірістердің төмендеуінен басқа, ел Қытай тарапынан газға сұраныстың төмендеуіне тап болды. Бұл жағдай уақытша мәселе болса да, жыл соңына дейін Қазақстан жоспарланған жеткізілім көлеміне жетуі мүмкін.

Мұнай мен газ бағасы төмендеуінің әсерін Беларусь те сезінуде. Бір жағынан, Минск көмірсутек шикізатын импорттайтындықтан, оның арзан бағасы тиімді. Алайда ресейлік газдың бағасы 2020 жылға мың текше метр үшін 127 доллар деңгейінде белгіленді. Сонымен қатар, импортталатын мұнай, тек іште тұтынылмайды – мұнай өнімдерінің экспорты шамамен 11 миллион тоннаны құрайды. Еуропалық нарықта жанармай құны төмендегендіктен, Беларуссияның экспорттық кірісі азаяды.

Мұнай
© Sputnik / Владимир Астапкович
Ағымдағы жағдайдың ерекшелігі оның жоғары деңгейдегі құбылмалылығы болып табылады. Екінші тоқсанда әлем жаһандық энергетикалық нарықтағы қатал бәсекелестік жағдайында өмір сүруі мүмкін және мұнайдың бағасы барреліне 35 доллардан аспауы мүмкін. Оған негізгі өндірушілердің жаңа квота туралы келісе алмауы себеп болады.

Дегенмен, маусымға қарай кейбір мәселелер бойынша сенімділік пайда болады:

1) коронавирус індетінен кейін Қытай экономикасын қаншалықты тез қалпына келтіре алады;

2) Еуропада энергияға деген сұраныс қаншалықты төмендеді;

3) тақтатас мұнайы өндірісі АҚШ-та және соған ұқсас жобаларда қаншалықты тез азаяды (мысалы, Канададағы шайырлы құмдар).

Осы параметрлерді есептеп, айқындағаннан кейін ғана ОПЕК+ елдері мұнай бағасын көтеруге мүмкіндік беретін жаңа келісім жасай алады.

Тақырып бойынша

Әлемдік газ нарығындағы жағдай қандай
Мұнай бағасы қайта өсе бастады
Мұнай бағасы мен баламалы энергетиканың құлдырауы кімге пайдалы
Кілт сөздер:
экономика, газ, мұнай
Загрузка...

Басты тақырып