Экономика

Қазақстанда "салық демалысы" ұзартыла ма

© Sputnik / Болат ШайхиновҚР Салық кодексі
ҚР Салық кодексі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шағын және орта бизнес 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтар мен әлеуметтік төлемдерден босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев шағын және орта кәсіпкерлер үшін "салық демалысын" ұзарту туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен төтенше жағдайдан зардап шеккен  шағын және орта бизнес осы жылдың 1 қазанына дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтар мен әлеуметтік төлемдерден босатылған еді. Оның ішінде жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті медициналық сақтандыру және әлеуметтік аударымдар бар.

Сонымен қатар, елімізде 1 маусымға дейін шағын және орта бизнес субъектілері үшін салық және өзге де төлемдерді төлеу мерзімі шегерілген.

"Бұл мерзім айтарлықтай жақсы, әзірге ұзақ деп санаймыз. Бірақ, қажеттілікке қарай, қосымша қолдау шаралары қарастырылады", - деді Тәкиев онлайн брифингте.

Бұдан бөлек, ол төтенше жағдай режимінің салдарынан қанша кәсіпорын мүлде жабылып қалуы мүмкін деген сауалға жауап берді.

Тағы оқыңыз: Төтенше жағдай кезінде кімдер "аренда" төлемейді

"Төтенше жағдай жарияланғанына небәрі екі апта ғана болды. Әзірге есептеген жоқпыз, тиісті есептеулер ұсынылғанына қарай көреміз. Жыл соңына қарай нақты санын айтамыз", - деді вице-министр.

Жаңалықтар
0