08:45 09 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
Экономика
Қысқа сілтеме алу
5772 0 0

Мемлекет тарапынан беріліп жатқан жәрдемақылар мен экономикаға бөлініп отырған қыруар қаржы теңгенің позициясын күшейтеді, дейді мамандар

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik, Арман Асқар. Қазақстандық экономистер ұлттық валютаның бағамына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"GSB UIB" бизнесті талдау орталығының сарапшысы, экономист Мақсат Халықтың айтуынша, өткен аптада мұнайдың әлемдік бағасы көтеріле бастады. Ал ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін қысқартуға дайын екенін мәлімдеді. Сарапшы өз сөзінде өте төмен баға мұнай өндіруші мемлекеттер үшін тиімді емес екенін айтады.

"ОПЕК-тің тағы бір отырысы жоспарланып отыр. Сол жерде Ресей мен Сауд Арабиясы, сондай-ақ, басқа да мемлекеттер бір келісімге келуге тырысады. Меніңше, осы жолы мұнай өндіру көлемін қысқартуға арналған келісім әлдеқайда позитивті болады. Сондықтан алдағы уақытта мұнайдың бір баррелі 40 долларға дейін көтеріледі деп ойлаймын", – деді Халық Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында. 

Экономистің ойынша, ОПЕК+ келісімі сәтті болып, мұнайдың әлемдік бағасы көтерілсе, теңгенің долларға шаққандағы бағасы 430-440 маңайында болады. Алайда, ОПЕК+ келісімі тағы өз шешімін таппаса, мұнайдың әлемдік бағасы құлдырайды. Қазір ол теңгеге әсер етіп тұрған негізгі фактор болып отыр.

"Егер үш-төрт ай төмен бағалар сақталса, онда ол бірден теңгеге әсерін тигізеді. Сол кезде мұнайдан түсетін табыс азаяды. Ал мұнай экспорттаушы компанияларымыз теңгенің құнсыздануына мүдделі болады", – деді Халық.

Оқи отырыңыз: Қазақстан дағдарысқа қарсы шараларға 10 миллиард доллар бөледі

Ал экономист Бауыржан Ысқақов осы аптада теңгенің долларға шаққандағы бағамы қатты өзгермейді деп отыр. Себебі, мұнай нарығындағы оң үдеріс жалғасып келеді. Теңгенің бағамы осы қалпында қалатынына сенім артқан сарапшы сату бағасы 444-445 теңгенің маңайында болатынын алға тартады.

"Өйткені, оған макроэкономикалық факторлар да әсер етеді. Қазіргі кезде мемлекет тарапынан беріліп жатқан жәрдемақылар да позитивті ықпал жасайды. Бұдан бөлек, экономикаға бөлініп отырған қыруар қаржы да теңгенің позициясын күшейтеді. Сондықтан осы аптада теңге 450-460-ге барады деген қауіп жоқ", – деді Ысқақов.

Ал экономикалық саясат институтының директоры Қайырбек Арыстанбеков теңгенің бағамын анықтайтын негізгі үш факторды атады.

"Коронавирус пандемиясы мен әлемдік мұнай бағасының құлдырауы аясында ұлттық валютамыздың бағамы негізгі үш фактормен анықталатын болады. Біріншіден, төлем балансының ағымдағы есепшоты. Егер ағымдағы есепшоттың сальдосы минусқа кете берсе, онда ұлттық валютаның одан бетер құнсыздануына жол ашылады. Мәселен, өткен жылы мұнай бағасы жоғары болғанда Қазақстанның төлем балансынының ағымдағы есепшоты, шамамен, минус 4 миллиард доллар тапшылық берді. Демек, сыртқы саясатта көптеген проблемалар шешілмей жатыр", – деді Арыстанбеков.

Ұлттық валатаны бағамын айқындайтын екінші фактор – ұлттық банктің алтын-валюта қоры. Осы резерв азайса, девальвацияның қаупі күшейеді.

"Ал алтын-валюта резерві азаймас үшін, біріншісі, жаңағы төлем балансының ағымдағы есепшотын дұрыс жүргізу керек, екіншісі, тікелей шетелдік инвестицияларды көптеп тарту қажет. Тек, осы екі арна ғана алтын-валюта резервін ұстай алады", – деді Арыстанбеков.

Экономистің сөзіне қарағанда, теңгеге әсер етіп отырған үшінші фактор – рубльдің долларға шаққандағы бағамы. Себебі, Қазақстан Ресеймен тығыз сауда-саттық жүргізеді. Оған қоса, екі мемлекет бір экономикалық одаққа кіреді.

"Біз Ресейге, шамамен, 7 миллиардтық сауда балансының дефицитін беріп жатырмыз, яғни Қазақстан жыл сайын 7 миллиард долларға ұтылып отыр. Ал рубль құнсызданып, біз теңгенің бағамын сол қалпында ұстасақ, экономикалық тұрғыда өзімізге тиімсіз болады. Өйткені, девальвация жасаған елдің тауарлары арзандай түседі. Барлығы осы үш факторға байланысты", – деп түйіндеді Арыстанбеков.

Тақырып бойынша

200 теңгенің тиынға айналуы нені білдіреді – экономистер түсіндірді
Министр ЕАЭО-да ортақ валюта енгізуге қарсы шықты
Жинап жатқан ақшаңызды инфляциядан қорғау үшін не істеу керек?
2020 жылы доллар бағамы қандай болады – сарапшы болжамы
Кілт сөздер:
доллар, теңге бағамы
Загрузка...

Басты тақырып