Экономика

Қазақстанда депозиттердің сыйақы мөлшерлемесі төмендеді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЗнак процента
Знак процента - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1 мамырдан бастап Қазақстанда мерзімсіз және қысқа мерзімді салымдар бойынша сыйақы мөлшері төмендетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені (12%-тен 9,5%-ке дейін) өзгерту туралы кезектен тыс шешіміне байланысты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2020 жылдың 1 мамырынан бастап мерзімсіз және қысқа мерзімді салымдар бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін төмендетті.

"Қор әдістемесіне сәйкес базалық мөлшерлеменің өзгеруі тек мамыр айындағы ең жоғары мөлшерлемелерге ғана әсер етті. Сәуір айындағы бағалар өзгеріссіз қалды", – делінген қор өкілдері таратқан хабарламада.

Қысқа мерзімді депозиттердегі табыстың күрт төмендеуіне жол бермеу үшін және осы депозиттер тобы бойынша мөлшерлемелерді біртіндеп төмендетуге көшу үшін қор спредті (айырма бағасы – Sputnik) базалық мөлшерлеменің төмендеуіне дейін көтерді.

Оқи отырыңыз: Банк салымшылары үшін қауіп-қатер жоқ – Әбілқасымова

"Мұның алдындағы максималды мөлшерлемелер наурыз және сәуір айындағы базалық мөлшерлеменің өсуін ескере отырып белгіленді. Ал максималды мөлшерлемелерді өзгерту әлемдік және ішкі нарықта қалыптасқан жағдайда салымшылардың мүддесін қорғау жолында уақытылы қабылданған шара болды", – деп нақтылайды қор өкілдері.

Мамырда депозиттердің мөлшерлемесі қанша төмендейді

Теңгедегі мерзімсіз салымдар бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі – 12 пайыз.

Толықтыруға болатын 3 және 6 айлық мерзімді салымдар бойынша мөлшерлемелер – 12 пайызды, ал толықтырылмайтын түрі бойынша – 12,5 пайызды құрады.

Осы мерзімдерге арналған толықтырылатын жинақ депозиттер бойынша мөлшерлемелер – 13 пайыз, ал толықтырылымайтын түрі бойынша – 13,5 пайыз.

"Жаңартылған мөлшерлемелер салымдарды саралау, яғни жіктеу қағидасына толығымен жауап береді. Толықтыруға болатын, қысқа мерзімге арналған депозиттер бойынша мөлшерлемелер осы салымдардың толықтырылмайтын түрі бойынша мөлшерлемелерден 0,5 пайыздық тармаққа төмен", – делінген қор мәлімдемесінде.

Толықтырылмайтын жинақ депозиттерді қоспағанда ұзақ мерзімді салымдар бойынша 2020 жылдың мамырына белгіленген мөлшерлемелер өзгерген жоқ. Ал толықтырылмайтын жинақ депозиттердің мөлшерлемелері 14,7 және 14,8 пайызға дейін төмендетілді.

Оқи отырыңыз: Жинап жатқан ақшаңызды инфляциядан қорғау үшін не істеу керек?

Сонымен қатар, олар қысқа мерзімді депозиттер бойынша қайта қаралған мөлшерлемелер аясында тартымды болып отыр және жоғары кірісті қамтамасыз етеді.

Толық мәліметті Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының сайтынан депозиттік мөлшерлемелер туралы толық кестеден көре аласыз.

Жаңалықтар
0