Экономика

Төтенше жағдай: қазақстандықтардың банктегі есепшотына қатысты тың ақпарат жарияланды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках, архивное фото
Деньги в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік кірістер комитеті жеке сот орындаушылары палатасына хат жолдады. Хатта бұған дейінгі сот шешімімен азаматтардың кез келген шотынан қойылған бұғатты алып тастауды сұраған

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір - Sputnik. Төтенше жағдай кезінде жеке тұлғалардың банктегі есепшоты бұғатталмайды. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Банк есепшоттары және инкассация операцияларына қатысты шектеулерді комитет департаментінің қызметерлері алып тастайтын болады. Бұл жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаларға да, жеке практикамен айналысатындарға да қатысты.

Бұл шара қазақстандықтарға 42 500 теңге төленуімен байланысты. Адамдар ақшаны жедел алуы үшін есепшот бойынша жүргізілетін операцияларды шектеу шараларын алып тастау туралы шешім қабылданды. 

Тағы оқыңыз: Банк кредит төлемей жүргендердің қарызын 42 500 теңгеден ұстап қала ала ма?

Бұған дейін президент шағын және орта бизнесті салық және өзге төлемдерден босатуды тапсырған болатын. 

Ол мемлекеттік комиссия бұл тізімге енетін салаларды анықтайтынын айтты.

 

Жаңалықтар
0