17:26 25 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.46
  • EUR451.35
  • RUB5.77
Экономика
Қысқа сілтеме алу
192 0 0

Үш компанияның атқаратын қызметі бірдей болғандықтан, олар бір оператордың функциясына біріктіріледі

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Тұрғын үй саясаты саласында жұмыс істейтін жеті мемлекеттік оператордың үшеуі бірыңғай операторға біріктіріледі. Мәжіліс бүгін тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Заң жобасын мәжілістің бір топ депутаты әзірлеген.

Мәжілісмен Сапар Ахметовтің айтуынша, қазір елімізде баспана саясаты саласында бір мезетте жеті мемлекеттік оператор жұмыс істейді.

"Заң жобасы тұрғын үй бағдарламаларының жұмыс істеп тұрған үш операторын, атап айтқанда, Қазақстан ипотекалық компаниясы, Бәйтерек Девелопмент және Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорын тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы етіп біріктіруге бағытталған", – деді Ахметов мәжілістің жалпы отырысында.

Ол бірыңғай оператор кредит мөлшерлемесін субсидиялауға, тұрғын үй құрылысын кепілдендіруге, ипотеканы қолжетімді етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдар мен құрылыс компаниялары тікелей бірыңғай оператормен жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Операторлар не үшін біріктіріледі

Ахметов жеті оператордың неге тек үшеуі бірыңғай операторға біріктірілетінін түсіндірді.

"Өткізілген сараптама нәтижесінде үш компания, атап айтқанда, Қазақстан ипотекалық компания, Бәйтерек Девелопмент және Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорының функциялары бірдей екені анықталды. Сондықтан да олар бір оператордың функциясына біріктіріліп отыр", – деп түсіндірді мәжілісмен.

Депутат қалған төрт компанияға да тоқталды. Айтуынша, Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өз салымшылары, үлескерлері бар. Бұл банк рейтингін жақсартып, халыққа сапалы қызмет көрсетіп жатыр. Сондықтан да ол өз жұмысын жалғастырады.

Оқи отырыңыз: Елорда әкімі биыл қанша қолжетімді баспана салынатынын айтты

Ал енді "Баспана" ипотекалық компаниясы" АҚ –  Ұлттық банктің еншілес ұйымы. Компания бұған дейін берілген ипотекалық қарыздарды қайтару бойынша жұмысты жалғастырады.

"Самұрық-Қазына Келісімшарт" компаниясы бір жыл бұрын құрылыс саласындағы қызметін тоқтатқан. Қазір "Самұрық-Қазына" аясында өндірістік жобалармен айналысады.

Даму қоры бірыңғай оператор пайда болғаннан кейін, тұрғын үй құрылысына араласпай, өз қызметін жалғастырады.

Тақырып бойынша

Баспанасы жоқ қазақстандықтарға 2%-тік ипотека беру жалғасады
Қазақстанда 12 600 отбасы арендалық баспанамен қамтылады
Экономист қазақтардың басты кемшілігін атады
"Айына 17 мың теңге": мұғалімдерге арзан баспана беріліп жатыр - видео
"7-20-25" және "Баспана Хит" бойынша ипотека алғандарға төлемді шегеруге болады
Кілт сөздер:
тұрғын үй, құрылыс
Загрузка...

Басты тақырып