Экономика

Қазақстан мұнай өндіру көлемін қысқартады

© AP Photo / Sue OgrockiМұнай өндіру көлемі
Мұнай өндіру көлемі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның энергетика министрлігі қазіргі уақытта мұнай өндіру көлемін қысқарту сценарийін әзірлеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Қазақстан мұнай өндіру көлемін тәулігіне 390 мың баррельге қысқартады. Мемлекет ОПЕК+ келісімі аясында екі ай мерзімге осындай міндеттеме алды, деп хабарлайды энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

"Қазақстан мұнай өндіруді тәулігіне 390 мың баррельге қысқарту міндетін мойнына алды. Мұндай шешім, бірінші кезекте, мұнай нарығында ғана емес, бүкіл әлемде қалыптасқан қиын жағдайдан туындап отыр", - делінген хабарламада.

Егер ОПЕК + мәмілесі жасалмаса, мұнай өндіруші елдер бәрібір де өндіру көлемін азайтатын еді, деп санайды министрлік.

"Себебі қазір мұнай өндіруші елдер алдында қоймалардың толып кетуі, сұраныстың болмауы секілді проблемалар тұр", - деді ведомстводан.

Тағы оқыңыз: Мұнай дағдарысынан қандай нәтиже күтуге болады

Энергетика министрлігі қазір мұнай өндірісін қысқарту сценарийін әзірлеп жатыр.

12 сәуірде ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер министрліктерінің вебинары барысында ОПЕК+, сондай-ақ оның құрамына кірмейтін мемлекеттер мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 миллион баррельге қысқарту туралы келісімге келді.

Бастапқыда 9,7 миллион, артынша сегіз және алты миллион баррельге азайтады.

Жаңалықтар
0