Экономика

Бірлескен мәлімдеме жасалады - Тоқаев коронавируспен күрес туралы айтты

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев на совещании по программе "Цифровой Казахстан", 04.03.2020
Касым-Жомарт Токаев на совещании по программе Цифровой Казахстан, 04.03.2020 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес пандемия кезінде ЕАЭО-ға мүше елдердің экономикасын қолдауға қатысты бірлескен мәлімдеме жасайды

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір — Sputnik. Қолға алынған шаралардың арқасында Қазақстан вирустың бақылаусыз таралуының алдын алып, қоғамдағы тұрақтылық пен іскерлік белсенділікті сақтап қалды. Бейнеконференция форматында өткен жоғары еуразиялық экономикалық кеңесінің жиынында президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай мәлімдеме жасады.

Мемлекет басшысы сарапшылардың болжамына сәйкес, 2020 жылы әлемдік жалпы ішкі өнім көрсеткіші 2%-ке төмендейтінін айтты.

"АҚШ пен Еуроаймақтың жалпы ішкі өнімі 3,3% және 4,2%-ке төмендейді. Қытай экономикасының өсімі 2 проценттен аз болады деген болжам жасалып отыр. Демек, 4%-ке төмен", - деді Тоқаев.

Қазақстан президенті мемлекет белсенді әрекет етпесе, әлемдік рецессия бұдан да қиын болатынын атап өтті. 

"Сондықтан көптеген елдер коронавирустың таралуына жол бермеу үшін қатаң шараларды қолға алды. Тұрғындар мен экономиканы қолдауға ден қойылды", - деді президент.

Ол жоғары еуразиялық экономикалық кеңесі қиын жағдайда одаққа мүше елдердің пікір алмасуына мүмкіндік беретінін айтты.

"Бүгін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес бірлескен мәлімдеме жасайды. Шаралар елдердің экономикасын тұрақтандырып, коронавируспен күресуге бағытталған", - деп түйіндеді Тоқаев.

Жаңалықтар
0