17:30 09 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.98
  • EUR462.21
  • RUB5.75
Экономика
Қысқа сілтеме алу
351 0 0

2025 жылға дейін өңірлерде 4 автовокзал, 6 автостанция және 33 жолаушыларға қызмет көрсету бекеті салынады

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Қазақстанның теміржол паркін жаңартуға 657 миллиард теңге тарту жоспарланған. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Жолаушылар вагондарының жетіспейтінін барлығы біледі. Сондықтан алты жыл ішінде 600 жаңа жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланған. Биыл 50 вагон сатып алынады, бюджеттік несиеге 20 миллиард теңге бөлінді", - деді Атамқұлов үкімет отырысында.

Жалпы, 2025 жылға қарай магистральды теміржол желісінің тозуын 49%-ке, ал локомотивтерді 58%-ке төмендету жоспарланып отыр.  

"Бұл ретте жылжымалы паркті жаңартуға 657 миллиард теңге тарту жоспарлануда, оның ішінде 455 миллиард теңгесі жеке инвестиция", - деді министр. 

Автомобиль көлігі саласында 2025 жылға дейін өңірлерде 4 автовокзал, 6 автостанция және 33 жолаушыларға қызмет көрсету пункті салынады.

Тақырып бойынша

"Шұғыл тоқтатылды": Нұр-Сұлтаннан Алматыға шыққан пойыз кері қайтарылды
Кішкентай қыз пойыз астына құлап кетті – видео
Жолаушылар пойызында коронавирус "табылды": вагон қоршауға алынды
Шымкентте өзіне қол салмақ болған 17 жастағы қыз пойыз рельсіне жатып алды
Метрода вагон есігіне қысылып қалған әйелді пойыз сүйреп әкетті
Кілт сөздер:
вагон, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып