00:03 04 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.77
  • EUR457.91
  • RUB5.77
Экономика
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (485)
683 0 0

Барлық өңірлерде шаштараздар мен медициналық орталықтар ашылады. Алайда келушілер кезекте тұрмай, алдын ала жазылуы керек

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik. Қазақстанда 4 мамырдан бастап карантин режимі жеңілдетіле бастады. Қалалар мен облыстарда бірқатар кәсіпорындардың жұмысы жанданады. Өңірлерде кейбір әуежайлар ашылады. Көшеде спортпен шұғылдануға рұқсат берілді.

Сонымен, аумағы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік cатпайтын дүкендер сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер де ашылады.

Шаштараз және медицина орталықтары, стоматологиялық клиникалар алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді.

Жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар мен шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компанияларының жұмысы жанданады.

Елордада қандай кәсіпорындар жұмыс істейді

  • тігін ательесі, аяқкиім жөндеу (алдын ала жазылу бойынша);
  • жеке сот орындаушылары (алдын ала жазылу бойынша);
  • төлем терминалдарына қызмет көрсету;
  • клининг қызметі;
  • ұялы телефон жөндеу, кілт жасау, сағат жөндеу орындары.

Алматыда қандай кәсіпорындар жұмыс істейді

Алматыда мынадай қызметтер қосымша ашылады:

  • жылжымайтын мүлікпен байланысты қызмет көрсететін компаниялар;
  • валюта айырбастау пунктері;
  • ломбардтар;
  • аяқкиім жөндеу;
  • химиялық тазарту;
  • баспа ісі.

Шымкентте қандай кәсіпорындар жұмыс істейді

Жоғары айтылған ұйымдардан бөлек Шымкентте мынадай қызметтер жанданады: 

  • жеке кабиналары бар моншалар;
  • үй жануарлары мен гүл сататын дүкендер;
  • жылжымайтын мүлік агенттігі.

Қандай кәсіпорындарға жұмыс істеуге рұқсат берілгенін әр қала мен облыс әкімлігінің сайтынан көруге болады. Ал жұмысқа кірісетін хаылққа қызмет көрсету орталықтарының тізімін мына жерден аша аласыз. Қазақстанда төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылған болатын. 

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (485)

Тақырып бойынша

Қарағанды облысында коронавирустан көз жұмған науқас ауруханада 19 күн жатқан
Нұр-Сұлтанда төрт подъезд карантинге жабылды
Шығыс Қазақстанда отбасылық отырыстың немен аяқталғаны белгілі болды
Джек Ма Қазақстанға гуманитарлық көмектің екінші партиясын жіберді
Қазақстандағы COVID-19: бір күнде екі адам көз жұмды
Кілт сөздер:
коронавирус, карантин, жұмыс, кәсіпорын
Загрузка...

Басты тақырып