10:44 02 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD408.61
  • EUR454.09
  • RUB5.86
Экономика
Қысқа сілтеме алу
2187 0 0

Бүгінде әрбір кен орнында өндірілетін қара алтынның шығынсыз бағасы әртүрлі. Оның құны – баррель үшін 10-36 доллардың шамасында

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басшылығы дағдарыс жағдайында отандық мұнайды қандай бағаға сатып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Басқарма төрағасының орынбасары - қаржы директоры Дәурен Қарабаевтың айтуынша, бүгінде әрбір кен орнында өндірілетін қара алтынның шығынсыз бағасы әртүрлі. Оның құны – баррель үшін 10-36 доллардың шамасында. Мәселен, Өзенмұнайгазда мұнайдың өзіндік бағасы барреліне 29 доллар болса, Ембімұнайгазда одан да төмен. 

"Біз шығынды қысқарту арқылы осы көрсеткішті төмендетуді көздейміз. Мәселен, қазірдің өзінде 2020 жылдағы жалпы әкімшілік шығындар 15,7 миллиард теңгеге қысқартылды. Соның ішіне консалтингтік қызметтер, басшылықтың сыйақы қоры, қызметтік көліктер және тағы басқасы бар. Ал операциялық шығындар 20,2 миллиард теңгеге қысқарады. Сөйтіп, бес жылда 281 миллиард теңге үнемделеді", - деді Қарабаев бүгінгі онлайн брифингте.

Қаржы директоры ұлттық компанияның мұнайды қандай бағамен сатып жатқанын да айтып берді.

"Қазіргі кезде "ҚазМұнайГаз" компаниясы CPC Blend пен Urals маркалы мұнайды сатады. Сондай-ақ, Алашанькоудағы шикізат бар. Мысалы, 1 мамырда Brent маркалы мұнайдың бағасы 19 доллар болса, Urals Қара теңізде, шамамен, 17 долларға саудаланып жатыр. Ал CPC Blend 12-14 теңгенің айналасында сатылады. Қытаймен шекарадағы мұнайдың бағасы 14 доллардың шамасында. Алайда бұл шикізаттың толық бағасы емес. Салық пен тасымалдау шығындарын да ескеру керек", - деп атап көрсетті Қарабаев.

Тақырып бойынша

"ҚазМұнайГаз" дағдарыстан келетін шығын туралы айтты
Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіруді қысқартуды бастайды
"ҚазМұнайГаз" компаниясы қызметкерлерін қысқартып жатыр
"ҚазМұнайГаз" қызметкерлері коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінді
Кілт сөздер:
баға, доллар, мұнай, ҚазМұнайГаз
Загрузка...

Басты тақырып