Экономика

Президент теңге бағамы туралы ойын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, доллары
Деньги, тенге, доллары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық банк теңгенің еркін бағамы қағидатын ұстанады. Қасым-Жомарт Тоқаев валюта нарығындағы заңсыз әрекеттердің жолы кесілетінін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр — Sputnik. Президент теңге бағамы ерте ме, кеш пе тұрақтанатынын айтты.

"Бірақ бұған сыртқы факторлар әсер етпей қоймайды. Теңгенің долларға шаққандағы бағамы валюта нарығындағы сұраныс пен ұсынымның азды-көптігіне қарай түзелетіні белгілі. Сондықтан құзырлы органдар валюта нарығына қатысты заңсыз әрекеттердің жолын кесетін болады", - деді мемлекет басшысы сейсенбі күні "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған сұхбатында.

Президент нарықтық экономика жағдайында мұндай мәселені реттеу оңайға соқпайтынын жеткізді. Оның үстіне, еліміздегі шетел валютасының басым бөлігі шикізатты сатудан түсетіні жасырын емес. 

"Ұлттық банк теңгенің еркін бағамы қағидатын ұстанып, үкіметпен бірлескен жұмысын жалғастыра береді. Мен квазимемлекеттік секторға экспорттан түсетін табыстың бір бөлігін ішкі нарықта сатуды тапсырдым. Сондай-ақ олар шетел валютасындағы депозиттерін еліміздің қаржы жүйесіне қайтаруда. Бұл қа­ражат нақты жобаларға жұмсалады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл шаралар доллар тап­шы­­лығын болдырмау үшін жасалып отырғанын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Тоқаев төтенше жағдай мерзіміне байланысты мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
0