11:20 06 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Экономика
Қысқа сілтеме алу
8414 0 0

Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігі қаржы жүйесінің тұрақтылығын қолдау бойынша қосымша шараларды қарастыруда

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik Қазақстанда қаржы жүйесі тұрақты, банк салымшыларына ешқандай қауіп жоқ, деп мәлімдеді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Банк жүйесі – қаржы нарығының аса маңызды бөлігі. Банктердің тұрақты жұмыс істеуіне мемлекет те, бизнес өкіл­дері де, қарапайым салымшылар да мүд­делі, дейді мемлекет басшысы. Сондықтан банктерге тегіннен-тегін қолдау көрсетілмейді. Бұл – ұлт­тық экономиканы көтермелеудің бір жолы.

"Қазір банктердің үздіксіз қызмет көрсетуіне мүмкіндік бар. Депозиттерге кепілдік беретін қор да тұрақты жұмыс істеуде. Бұл ахуалды Ұлттық банк ба­қылап отыр. Сондықтан салымшы­лардың қара­жа­тына ешқандай қатер төніп тұрған жоқ", – деді Тоқаев "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында.

Төтенше жағдай кезінде екінші деңгейдегі банктер әлеуметтік-эконо­ми­калық ахуалдың тұрақтануына үлес қосқанын атап өткен президент, банктердің кәсіпкерлер мен азаматтарға берген кредитті қайтару мерзімі кейінге ауыстырылғанын атап өтті.

"Нақты айтқанда, кредит төлемдері 3 айға шегерілді. Табысынан айырылғандарға мұндай көмек қажет. Бірақ жұртшылық арасында кредитті мүлдем қайтармаймыз деген түсінік қалыптаспауы керек. Бұл – жаңсақ пікір", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Президент теңге бағамы туралы ойын айтты

Сондай-ақ үкіметтің қатысуымен шағын және орта бизнес өкілдеріне жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы әзірленді. Егер банктер кәсіпкерлерге, азаматтарға несие беруді тоқтатса, экономиканың көптеген саласы тұралап қалады. Біз бұған жол бермейміз.  

"Менің тапсырмам бойынша Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін қосымша шаралар қарастыруда", – деп атап өтті Тоқаев.

Тақырып бойынша

Облыс әкімінің орынбасары Kaspi Gold-қа ақша аударуға қатысты мәлімдеме жасады
"Той кредитіне" тыйым салына ма – Досаев несие беруді шектеу мәселесін көтерді
БЖЗҚ жыл басынан бері қазақстандықтарға қанша ақша төледі
"Қымбат ота мен бірнеше несие". Қазақстандықтар Құран кәрімді неге сатып жатқанын айтты
Қазақстанда банк шотынан ақша шешіп алуға шектеу енгізілді
Кілт сөздер:
қаржы нарығы, несие, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып