20:16 25 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.46
  • EUR451.35
  • RUB5.77
Экономика
Қысқа сілтеме алу
64 0 0

Премьер-министр мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші басшыларына, әкімдерге жоспардың іс-шараларын уақытында сапалы жүзеге асыруды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Үкімет 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Премьер-министр Асқар Мамин кешенді жоспар іскерлік белсенділікті жандандыруға, халықты жұмыспен қамтуға және табысты арттыруға бағытталған жүйелі және салалық шараларды қамтитынын атап өтті. 

"Ұсынылып отырған шаралар бизнес пен микробизнесті қаржыландыру және жеңілдікпен кредит беру тетіктерін айтарлықтай кеңейтуді, кепілдік беру және экспорттық шығындарды өтеу құралдарын белсенді қолдануды көздейді", - деді үкімет басшысы. 

Сонымен қатар, форвардтық және ұзақмерзімде өтеу келісімшарттар практикасы қолданылады. 
Салық жүктемесі азайтылады. Салықтық әкімшілендіру жеңілдетіледі. Салықтар мен қарыздар бойынша преференциялар қолданылып, төлеу мерзімі шегеріледі. 

Кейбір айыппұлдар мен алымдар алынып тасталады. Әкімшілік кедергілер азайтылады. 
Тұрғын үй құрылысы нарығындағы сұранысты ынталандырудың, отандық өндірістің және қызмет көрсету саласын қолдаудың жаңа тәсілдері енгізіледі. 

"Жалпы, кешенді жоспарда көзделген шаралар бірқатар саланың белсенділігін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл салаларда 6 миллион адам жұмыспен қамтылған. Осы жоспарды мақұлдаймыз", - деді Мамин. 

Премьер-министр мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші басшыларына, әкімдерге жоспардың іс-шараларын уақытында сапалы жүзеге асыруды тапсырды.

Тақырып бойынша

Үкімет экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша кешенді жоспар әзірледі
Жеке кәсіпкерлерге 6 проценттік кредит беріледі – министр
Елімізде өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады: оның артықшылықтары қандай?
Экономиканы қалпына келтіру бағдарламасын бастау қажет – Назарбаев
Кілт сөздер:
өсім, жоспар, экономика, Үкімет
Загрузка...

Басты тақырып