Экономика

Қазақстан астық пен ұн экспортына қойылған шектеуді алып тастайды 

Жазылу
Бұған дейін елде төтенше жағдай кезінде астық пен ұнды республика аумағынан шығаруға шектеу қойылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. 1 маусымнан бастап бидай, ұн және басқа азық-түлік өнімдерінің экспорты жанданады. Бұл туралы ауыл шаруалығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министр шектеулер мен квоталар елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілгенін атап өтті. 

"Төтенше жағдай аяқталып, еліміз азық-түлік тауарларымен толығымен қамтамасыз етілуіне байланысты министрлік 1 маусымнан бастап барлық шектеу мен тыйымды алып тастауды жоспарлап отыр", - деді Омаров үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Айтуынша, тиісті бұйрық қазір талқыланып, келісіліп жатыр. 

Еске салсақ, төтенше жағдай кезінде астық пен ұнды республика аумағынан шығаруға шектеу қойылған болатын. 

Мұндай шара елдің астыққа деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынды. Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай мен ұн экспортын ай сайынғы квота шеңберінде жүзеге асырды.

Қазақстанда төтенше жағдай мерзімі 15 наурызда жарияланып, 11 мамырда бір-ақ аяқталды.

Жаңалықтар
0