15:10 01 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
Экономика
Қысқа сілтеме алу
95 0 0

Қазір елдердің барлық ресурсы жұмыс орындарын сақтауға жұмсалып жатыр, сондықтан Одақ органдарының шығынды қажет ететін шешімдері негізсіз, деп санайды мемлекет басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды міндетті таңбалауды енгізуді кейінге қалдыруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол коронавирус пандемиясына байланысты бизнесмендер қиын жағдайға тап болып отырғанын баса айтты.

"Өндірісті дамыту жоспары, жеткізу тізбегі бұзылды, кредиторлық берешек өсті. Ресурстардың барлығы дерлік жұмысты тұрақтандыруға, жұмыс орындарын сақтауға жұмсалды. Сондықтан Одақ органдарының айтарлықтай шығынды қажет ететін кейбір шешімдерін орындау біздің ұйымның даму кезеңінде ақылға қонымды шара емес", - деді Тоқаев видеоконференция форматында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.

Мұндай шешімдерге "міндетті таңбалауды енгізу жоспары жатса керек" деп жалғастырды ол.  

Оқи отырыңыз: Назарбаев ЕАЭО-ға қолдау көрсететінін айтты

"Бірақ бұл мәселені, әрине, үкімет комиссияның аясында қарастыруы тиіс", - деп толықтырды Тоқаев.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы сейсенбі күні видеоконференция түрінде өтті. Кестеге сәйкес саммит 19 мамырда Минскіде өтуі керек еді, алайда коронавирус пандемиясына байланысты көптеген ел өз шекарасын жауып тастады.

Тақырып бойынша

БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанның коронавируспен күреске елеулі үлес қосқанын айтты
Тоқаев президенттің өкілеттігін кеңейтетін заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан айналасындағы блок бекеттер қашан алынады
Қате ме, жоқ па? Тоқаевтың фотосы желіде қызу талқыланып жатыр
Тоқаев: Коронавирус індетінің таралу қаупі сейілген жоқ
Кілт сөздер:
ЕАЭО, Қасым-Жомарт Тоқаев, тауар
Загрузка...

Басты тақырып