15:38 01 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
Экономика
Қысқа сілтеме алу
511 0 0

"Астана" қаржы орталығының басшысы бұрынғы баға, яғни 60 доллар тек келесі жылдың соңында болады деген болжам жасап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры Қайрат Келімбетов Brent маркалы мұнайдың бағасына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қаржы-экономикалық және эпидемиологиялық дағдарыс алғаш рет қатар келіп отыр. Меніңше, бұрынғы баға, яғни 60 доллар тек келесі жылдың аяғында ғана болатын шығар. Соның өзінде өте қолайлы жағдай болуы керек. Әлі есімде, 2014-2015 жылдары біз бір баррельдің 100 долларға қай кезде көтерілетінін талқылаған едік. Енді, 60 доллардың өзін қанағат етіп отырмыз", - деді Келімбетов РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, дағдарыстың салдарынан мұнайға деген сұраныс күніне 20 миллион баррельге азайып қалды. Әлемдік экономиканың даму көрсеткіштері күрт төмендеп кетті. Қазіргі болжам бойынша Brent маркалы мұнайдың бағасы 30 доллардан аспайды.

"Қазақстан мен Ресей табиғи ресурстарға бай. Ал мұнай бағасы түсіп кеткеннен кейін кәдімгідей есеңгіреп қалды. Себебі экспорттық табыс азайды, бюджетке және ұлттық әл-ауқат қорларына ақша аз түсе бастады. Біз үшін бұл – үлкен сын-қатер", - деп атап көрсетті Келімбетов.

Қаржы орталығы басшысының сөзіне қарағанда, мұнай бағасының күрт құлдырауына ең алдымен коронавирус пандемиясы себеп болды. Себебі сұраныс төмендеп кетті. Ал шикізатты сақтау қоймалары толып тұр. Осы саладағы бәсекелестік факторы да бар.

Оқи отырыңыз: Үкімет келесі жылы мұнайдан түсетін табысқа иек артпайды – вице-премьер 

"Мысалы, бұрын ОПЕК үстемдігі басым болды, көбінесе осы консорциумының шешімдері мұнай бағасын реттеп отырды. Артынан ОПЕК+ болып кетті. Оған Ресей қосылды. Қазақстан да бақылаушы болып кірді. Енді тақтатас мұнайының факторы қосылды. Естеріңізде болса, АҚШ-та мұнайдың осы түрі алдымен 4-5 миллион баррель болды. Сосын күніне 11 миллион баррельден артық өндіріле бастады. Бұның барлығы мұнай бағасына әсер етеді. Осындайда сұраныс пен ұсыныстың балансын табу оңай емес. Бұл – өте нәзік жұмыс", - дейді Келімбетов.

Тақырып бойынша

Мұнайдың қымбаттауы теңге бағамына қалай әсер етті
Отандық мұнайдың қаншаға сатылып жатқаны айтылды
Brent мұнайының бағасы көтерілді
Азық-түлік бір айда 1,9 процентке қымбаттады – Ұлттық банк төрағасы  
Кілт сөздер:
мұнай бағасы, Қайрат Келімбетов
Загрузка...

Басты тақырып