Экономика

Үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлік жүргізуді қалай тоқтатуға болады

© Photo : pixabay.comБизнес, смета, бизнес-план, закупки, иллюстративное фото
Бизнес, смета, бизнес-план, закупки, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік төлем бойынша және салық қарызы жоқ азаматтар жеке кәсіпкерлік жүргізуді онлайн режимде тоқтата алады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр — Sputnik. Жеке кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметті тоқтатудың жеңілдетілген тәртібін қолдана алады, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитеті.

Бұл үшін мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында салық төлеушінің салық өтінішін толтыру керек.

Үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлікті қалай жабуға болады

Жеке кәсіпкер не істеуі керек:

  • мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында салық қарызын тексеру (бар болса, өтеу);
  • тұрғылықты жері бойынша мемлекетттік кірістер комитетінің аумақтық органдарына кәсіпкерлікті жою есебін электронды түрде беру;
  • кассалық аппарат бар болған жағдайда оны есептен алу туралы салық өтінішін толтыру; 
  • электрондық үкімет порталы арқылы салық өтінішін толтыру немесе тұрғылықты жері бойынша мемлекетттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының электронды поштасына жіберу.

Жеке кәсіпкерлікті кімдер онлайн тоқтата алады

Жеңілдетілген режимді қандай кәсіпкерлер қолдана алады: 

  • қосымша құн салығын төлемейтіндер; 
  • бірлескен кәсіпкерлік формасы бойынша жұмыс істемейтіндер;
  • өнім өндірмейтіндер, сатпайтындар: бензин (авиациялықтан басқа), дизель отыны, этил спирті, алкоголь өнімі, темекі өнімі, сондай-ақ, ойын бизнесіне қатысы жоқ болса; 
  • салық және әлеуметтік төлем бойынша қарызы жоқтар.
Жаңалықтар
0