04:30 11 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.31
  • EUR491.93
  • RUB5.68
Экономика
Қысқа сілтеме алу
129 0 0

Қазақстанда туристік қызметтің толыққанды жандануы туралы айтуға әлі ерте. Ал оған қатысты шешімді елдің бас санитарлық дәрігері қабылдайды

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Коронавирус пандемиясына байланысты туризмнің тоқтауы салдарынан Қазақстанның туристік индустриясы 2020 жылы 150-ден 240 миллиард теңгеге дейін жоғалтуы мүмкін. Бұл туралы Sputnik Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігіне жолдаған сауалға жауабында айтылды.

Қазіргі кезде коронавирус эпидемиясы туристік маусымның барлық түріне – ішкі және сыртқы туризмнің дамуына жағымсыз әсер етуде.

Мәдениет министрлігінің мәліметінше, 2019 жылы туристік компаниялар мен курорттық аймақтар шамамен 300 миллиард теңгенің қызметін ұсынған.

"Болжам бойынша, биылғы жағдайға байланысты туристік компаниялардың қызметі 50-80%-ке төмендеуі мүмкін", – делінген Sputnik Қазақстан сұрауына берілген жауапта.

Осылайша, шығындар 150-240 миллиард теңгені құрауы мүмкін.

Ішкі туризм қашан жанданады

Қазақстандағы ішкі туризм саласы бас санитарлық дәрігердің қойған талаптары ескеріле отырып қайта жандануы мүмкін.

10 мамырдағы қаулыда COVID-19 ауруының өсімі жеті күн ішінде 7%-тен аспаған кезде қонақ үйлер мен демалыс үйлері және туристік лагерлер белгілі бір ережелер бойынша жұмыс істей бастайды деп көрсетілген.

Оның ішінде:

  • қызметкерлерді жеткізу және тасымалдау;
  • ЖРВИ және басқа да ауру белгілері болмаған кезде ғана мекеме қызметкерлері мен келушілерге рұқсат беру;
  • Азаматтардың дене температурасын міндетті түрде тексеру;
  • санитарлық тазартқыштарды, медициналық маскалар мен басқа да қорғаныс құралдарын қолдану;
  • нысандардың келушілерді қабылдау мүмкіндігі үй-жайдың жобалық қуатынан аспауы керек;
  • COVID-19 індетіне күдіктенген адамдар үшін оқшаулау камерасының болуы;
  • Дезинфекция жұмыстары тұрақты түрде жалғасуы тиіс.

Шипажайға бару үшін құжат рәсімдеу тәртібі

Шипажайлар мен туристік аймақтарға бару үшін қажетті құжаттар тізбесін облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың бас санитарлық дәрігерлері анықтайды. Ал мәдениет министрлігі туристік аймақтарда демалу үшін COVID-19 жоқ екендігі туралы анықтама талап етілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Оқи отырыңыз: Путин туризм саласында Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобаларын ашуды ұсынды

Сонымен қатар, Қазақстанға туристік мақсатпен келген шетелдіктерге де осындай сертификат қажет пе, жоқ па деген шешімді елдің бас санитарлық дәрігері қабылдайды.

Тақырып бойынша

Қазақстан мен Ресей кино және туризм салаларындағы ынтымақтастықты дамытатын болады
Моншадағы демалыс: жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлеріне қатысты тергеу бастады
Данэлия Төлешева туризм елшісі болады
Димаш Құдайберген туризм елшісі болды
Кілт сөздер:
демалыс, саяхат, туризм
Загрузка...

Басты тақырып