16:48 13 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Экономика
Қысқа сілтеме алу
3063 0 0

Қазақстанның қор биржасының таңертеңгілік сессиясы қорытындысы бойынша доллар шамамен 6 теңгеге арзандады - 402,79 (бір күн бұрын 408,61 теңге болды)

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым — Sputnik. Қазақстанның қор биржасының таңертеңгілік сессиясы қорытындысы бойынша бір доллар 402,79 теңге болды. 2 маусымға Ұлттық банк бекіткен валютаның ресми бағамы 408,61 теңге (минус 5,82 теңге).

Қазақстандық валюта айырбастау пунктері ұлттық валютаның нығаюын бірден ескерді.

Астанадағы валюта айырбастау пунктерінде бір доллар 400-402 теңге сатып алынуда, 403-408 теңгеге сатылып жатыр.

Алматының валюта айырбастау пунктерінде долларды 403-405 теңгеге сатып алуға болады, ал сату бағамы 398,5 - 402,5 теңге.

ОПЕК+ келісімі

Наурыз айының басында коронавирус пен ОПЕК+ келісімінің жүзеге аспауына байланысты мұнай құны шамамен екі есеге арзандады. ОПЕК+ елдері өндірілетін мұнай көлемін қысқарту туралы келісімге келе алмады.

Осы жағдайларға байланысты 19 наурызда антирекордтық көрсеткіш - бір доллар үшін 448,5 теңге болды.

Еске сала кетсек, 12 сәуірде ОПЕК+ елдері мамыр-маусым айында мұнай өңдеуді тәулігіне 9,7 миллион баррельге дейін азайту туралы келісімге келді. Екінші жартыжылдықта -  7,7 миллион баррельге және 2022 жылдың сәуір айына дейін 5,8 миллион баррельге қысқартылады. Келісім 1 мамырдан бастап күшіне енді.

Тақырып бойынша

Энергетика министрі эпидемия мұнай саласына қалай әсер еткенін айтты
"Өте ауыр жағдайға түсеміз": мұнай саласының маманы коронавирустың салдары туралы айтты 
Мұнай саласында үш жарым мың адам жұмыссыз қалды – министр
Ноғаев: ОПЕК+ келісіміне қосылудың нәтижесінде мұнай өндіру тоқтаған жоқ
"Біз үшін үлкен сын-қатер": Келімбетов мұнай бағасына қатысты пікір білдірді
Кілт сөздер:
валюта бағамы, теңге, доллар
Загрузка...

Басты тақырып