Экономика

Қазақстан мен Ресей 50-ден астам инвестициялық жоба әзірлеп жатыр

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуТрактор "Кировец К-7"
Трактор Кировец К-7  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2019 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты тауар айналымы артты. Ресей Қазақстанға 15,7 миллиард доллар көлеміндегі тікелей инвестиция бағыттаған

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым - Sputnik. Қазақстан мен Ресей 53 инвестициялық жоба әзірлеп жатыр. Жалпы сомасы 6,6 миллиард доллар, деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Ресей Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық әріптесі. Ресей Қазақстанға 15,7 миллиард доллар көлеміндегі тікелей инвестиция бағыттады. 2019 жылы екіжақты тауар айналымы 6,2%-ке артты. 2018 жылы 20 миллиард доллар болатын", - деді президент ресейлік "Комсомольская правда" газетіне берген сұхбатында.

Тоқаев Қазақстанда 7 мың ресейлік компания жұмыс істейтінін айтты. 3,5 мыңға жуық бірлескен кәсіпорын бар.

2018 жылы ресейлік "Полиметалл" компаниясы Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнына 418 миллион доллар инвестиция бағыттады.

"Біз Ресеймен мұнай-газ, мұнай-химия сынды салаларда әріптестікті нығайтуды жоспарлап отырмыз. Каспийде мұнай-газ саласы бойынша бірлесе жұмыс жүргізіп жатырмыз. Біздің елде "Лукойл" сәтті қызмет етіп жатыр", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы әріптестік нәтижесінде Қытай мен Орталық Азия нарықтарына шығатын өндірісті қолға алу жоспарланып отырғанын айтты.

Осы жылдың күзінде Қазақстан-Ресей форумы өтеді. Жиында өңіраралық экономикалық әріптестік бойынша шешімдер қабылданады.

Жаңалықтар
0