11:32 06 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Экономика
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (491)
75 0 0

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 10,1% -ке артып, 98,4 миллиард теңгені құрады

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Осы жылдың төрт айының қорытындысы бойынша короновирус пандемиясынан туындаған дағдарысқа қарамастан, агроөнеркәсіп кешені саласында жағдай тұрақты болды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.

"Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2,2% -ке, азық-түлік өндірісі 2,4% -ке өсті", - деді ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 10,1% -ке артып, 98,4 миллиард теңгені құрады, азық-түлік өндірісі 14,9%-ке ұлғайып, 20,6 миллиард теңге болды.

Оқи отырыңыз: Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 22,5 миллион гектарға егіледі

"Мал шаруашылығында жалпы өнім шығару көлемі 2,3%-ке өсті. Өндіріс көлемінің артуына ет өндірісінің 3,6% -ке, сүттің 3,2%-ке өсуі ықпал етті", - деді Омаров.

Өсімдік шаруашылығында 2020 жылы көктемгі дала жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін барлық қажетті шара қабылданды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының айтуынша, бүгінде егіс жұмыстары аяқталуға жақын.  

 

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (491)

Тақырып бойынша

Әкімдік алдына малын айдап келді: Павлодар облысында жайылым мәселесі дауға айналды
"Ондай болмаған": жерді мемлекет меншігіне қайтаруға қатысты қандай өзгеріс енгізілді
"Ауыл тұрғындары қиналып жүр": Тоқаев Көкшетауда үлкен жиын өткізіп жатыр
"Жерді кері қайтарып аламыз": Шөкеев шаруалар үшін маңызды мәселені көтерді
Министрлік жерді тиімсіз игеретін шаруалардың "қара тізімін" жариялайды
Ауыл шаруашылығы министрлігі егіс науқаны қалай жүргізіліп жатқанын айтты
Кілт сөздер:
азық-түлік, дағдарыс
Загрузка...

Басты тақырып