Экономика

ҰҚК қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға байланысты түсініктеме берді

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуАрхивное фото одного из контрольно-пропускных пунктов на границе Казахстана и Киргизии
Архивное фото одного из контрольно-пропускных пунктов на границе Казахстана и Киргизии - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта екі ел шекарасында жеті өткізу бекетінің екеуі ғана жұмыс істеп тұр. Қазақстан тарапында кезек жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды түсіндірді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта көлік шекарадан "Қарасу" және "Айша бибі" өткізу бекеттері арқылы ғана жүре алады.

Өзге бес бекет санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғанға дейін уақытша жабық. 30 наурыз күні Қазақстан үкіметінің тиісті қаулысы шыққан.

"Сондықтан екі өткізу бекетінде көлік көбейді. Қазақстан жақтан "Қарасу" өткізу пунктінде жүк көлігінің кезегі жоқ. Қырғызстан жақтан 100 жүк көлігі жиналған. "Қарасу" өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - деді ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі.

Ведомствода жүк тасымалына шектеулер мен кеден қызметі бақылауы күшейтілмегенін алға тартты.

Сондай-ақ, санитарлық, экспорттық және өзге шектеулер шекара қызметінің құзырында емес екені айтылып отыр.

Қырғызстан вице-премьерінің шағымы

Қырғызстанның вице-премьері Эркин Асрандиев 4 маусым күні қазақ-қырғыз шекарасында бірнеше тәулік бойы 400-ге жуық жүк көлігі тұрғанын айтқан болатын. Ол қазақстандық тарап құжаттарды ұзақ рәсімдеп жатқанын жеткізді. Мәселені жою үшін Қырғызстан ЕАЭО-ны пайдалануды жоспарлап отыр.

Жаңалықтар
0