17:38 03 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.00
  • EUR491.36
  • RUB5.69
Экономика
Қысқа сілтеме алу
364 0 0

Қазақстан Ұлттық банкінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімі 20 шілдеде жарияланады

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым - Sputnik. Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Банк өз мәлімдемесінде әлемдік экономикадағы ахуалдың тұрақтанып жатқнанын, ал жекелеген тауар және қаржы нарықтарында жанданудың байқалап отырғанын жеткізді.

"Қытай экономикасының қалпына келуі, сондай-ақ, кейбір Еуропа елдері мен АҚШ-тағы карантин шараларының жеңілдеуі аясында мұнайды тұтыну көлемі біртіндеп артып келеді. ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін қысқарту мәмілесінің өлшемдерін ұзарту туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізді. Мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 млн баррельге төмендету 2020 жылғы шілденің соңына дейін жалғасады", - делінген ресми хабарламада.

Алайда COVID-19 пандемиясы және оған қатысты шектеу шаралары әлі де әлемдік экономикаға теріс әсер етіп жатыр. 2020 жылдың мамыр айында іскерлік белсенділіктің деңгейі ең төменгі көрсеткішке жақын болды. Осы жағдай Қазақстандағы экономикалық белсенділікке және инфляциялық процестерге теріс ықпал етіп отыр. 

"Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/– 2 п.т. пайыздық дәлізбен жылдық 9,5% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады", - делінген мәлімдемеде.

Банктың болжамына сәйкес, биылғы жылдың соңына дейін инфляция 8,0-8,5% деңгейінде болады. Ал ақша-кредит саясаты саласындағы бұдан былайғы шешімдер шикізат тауарларының әлемдік нарықтарындағы ахуалдың даму факторлары, елдегі экономикалық белсенділіктің өсуі, сондай-ақ,  инфляцияның өзгеруіне қарай қабылданады.

Қазақстан Ұлттық банкінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімі 2020 жылы 20 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-де жарияланады.

Кілт сөздер:
Ұлттық банк
Загрузка...

Басты тақырып