Экономика

Ұлттық банк теңгенің нығаю себебін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, купюры монеты
Деньги, тенге, купюры монеты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
8 маусымдағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша орташа бағам бір доллар үшін 397,27 теңгені құрады

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев теңгенің нығаюына себеп болған факторларды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол мамыр айында ішкі валюта нарығы сыртқы және ішкі факторлардың оң әсерінен дамығанын атап өтті.

"Мұнай бағасының өсімі Қазақстанның сауда әріптестері елдерінің валютасына қолайлы әсер етті. Ресей рублі мамырда бір АҚШ доллары үшін 5,7%-ке, 70,14 рубльге дейін, еуро 1,3%-ке, бір еуро үшін 1,11 АҚШ долларына дейін нығайды", - деді Досаев үкімет отырысында.

Айтуынша, республикалық бюджетке кепілдендірілген трансфертті бөлу мақсатымен Ұлттық қордан валютаны жоспарлы сату ұлттық валютаға қосымша қолдау көрсеткен.

"Өткен айда квазимемлекеттік сектор компанияларының экспорттық валюталық түсімінің бір бөлігін міндетті сату жөнінде қабылданған шаралары жалғасты. Мамырда квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сату көлемі бір айда 156 миллион долларды құрады", - деді ол.

Мұнайдың әлемдік бағасының өсуі теңгенің айырбас бағамының мамырда бір АҚШ доллары үшін 424,57 теңгеден 411,55 теңгеге дейін, 3,1%-ке нығаюына ықпал етті.

8 маусымдағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша орташа бағам бір АҚШ доллары үшін 397,27 теңгені құраған.

Жаңалықтар
0