Экономика

Стати ісі: Швед соты Қазақстанның пайдасына шешім шығарды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге монеты стопка
Деньги, тенге монеты стопка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Швед сотының шешімі Ұлттық қор активтерінен 83 миллион долларға жуық сомада бұғауды алып тастауға мүмкіндік береді  

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Свеаландтың апелляциялық соты Анатол және Габриел Статиге қарсы іс бойынша Қазақстан тарапының пайдасына шешім қабылдады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Швед сотының шешімі Ұлттық қор активтерінен 83 миллион долларға жуық сомада бұғауды алып тастауға мүмкіндік береді және Статидің Қазақстан Республикасына қарсы алқалық шешімді орындатуға тырысуына байланысты ұзаққа созылған соттағы маңызды бөлім болып саналады", - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Англия соты алқалық шешімді алу кезінде Стати тарапынан алаяқтық белгілерін анықтады. Соған қарамастан, Стати 2017 жылы Ұлттық қордың активтеріне бұғау салуға қол жеткізді.

Стати ісі: Брюссель соты ұлттық қор активтерінен бұғауды алып тастады

Швед соттарында істі қарау 2018 жылдан бастап жалғасты. Сотқа салмақты дәйектер мен дәлелдер, оның ішінде Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың куәгерлік айғақтары, сондай-ақ Англия, Швед және Қазақстан құқығы бойынша сарапшылардың қорытындылары ұсынылды.

Процеске қатысу үшін "Frank Advokatbyra" әйгілі заң фирмасы тартылды.

Процесс барысында Қазақстан Ұлттық банкі Стати дәлелдерінің негізсіздігін дәлелдеді және активтер БҰҰ-ның 2004 жылдың 2 желтоқсандағы Конвенциясында бекітілген халықаралық құқық қағидаттарына сәйкес абсолютті иммунитетпен қорғалғанын растады.

Швед соты Статиді Ұлттық банкке және Қазақстан Республикасына толық көлемде сот шығыстарын өтеуге міндеттеді. Мұндай шешім Скандинавия мемлекетінің сот тәжірибесінде өте сирек шығарылады.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 22 сәуірінде Англияның Жоғары соты Статидің дәлелдерін жоққа шығарып және Ұлттық банктің BNYM кастодианында Ұлттық банк алдында ғана Ұлттық қор активтеріне қатысты міндеттемелері бар екендігі туралы дәлелдерімен келісіп, Қазақстан тарапының пайдасына шешім шығарған болатын.

Жаңалықтар
0