Экономика

"Birgemiz" қорына төрт адам 4 миллиард теңге аударды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге монеты стопка
Деньги, тенге монеты стопка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қор басшысы Руслан Сәкеев әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарды қолдау шаралары жалғасатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. "Birgemiz" қорына тағы 10 миллион доллар түсті. Бұл туралы қор басшысы Руслан Сәкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, 4 миллиард теңгеге жуық қаржыны төрт адам аударып берген. Бірақ олар өз аты-жөнін жарияламауды сұрады. Енді осы ақшаға әлеуметтік жағдайы төмен адамдарды қолдау шаралары жалғасады.   

"Жалпы, Елбасының бастамасымен құрылған "Birgemiz" қоғамдық қорына барлығы 28,5 миллиард теңге түскен. Осы қаржыға 470 мың отбасыға немесе 1,6 миллион қазақстандыққа атаулы көмек берілді. 50 мың теңге көлеміндегі бір реттік төлем 23 қалада және оған жақын елді мекендердің тұрғындарына аударылды", - дейді Сәкеев.

Бұдан бөлек, коронавирусқа қарсы күрес шараларына атсалысып жатқан 2 мың медицина қызметкері 50 мың теңгеден алды. Ал "Jas Otan" еріктілері әлеуметтік жағдайы төмен 100 мың отбасыға 5 миллион бетпердені тегін таратты. Бұның барлығы "Birgemiz" қорына түскен ақшаға сатып алынды.

Оқи отырыңыз: Birgemiz қорынан өтінім бермей-ақ 50 мың теңге алуға болады – көмек кімдерге тиесілі 

"Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Түркістан облысының Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен Достық ауылының тұрғындарына жаңа үйлер салынып жатыр", - деп түйіндеді Сәкеев.

Жаңалықтар
0