16:49 09 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.98
  • EUR462.21
  • RUB5.75
Экономика
Қысқа сілтеме алу
49 0 0

Министр кәсіпкерлер құқығын қорғауда бизнесмендердің "адалдық" презумпциясы қолданыста екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Қазақстанда бизнестің барлық санаттағы субъектілері жыл соңына дейін жаңа жоспарлы салық тексерістерінен босатылды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен осы жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және микрокәсіпкерлікке тексеру және профилактикалық бақылау жүргізуге үш жылға мораторий енгізілді. Сонымен қатар, жыл соңына дейін бизнестің барлық санаттағы субъектілері үшін жаңа жоспарлы салық тексерістері жүргізілмейді", - деді Дәленов үкімет отырысында.

Ол кәсіпкерлердің құқығын қорғау үшін бизнесмендердің "адалдық" презумпциясы қолданыста екенін атап өтті.

"Бұл заңнамадағы әртүрлі түсініктерді адал кәсіпкерлердің пайдасына қолдануға мүмкіндік береді", - деді ведомство басшысы.

Кәсіпкерлер үшін тағы қандай шаралар қабылданды

Сонымен қатар, министр салықтық ынталандыру бойынша қабылданған шараларға тоқталды.

Атап айтқанда, 1 қаңтардан бастап арнаулы салық режимін қолданатын шағын және микро бизнес субъектілері үш жылға табыс салығынан босатылды.

Экономиканың әр түрлі салаларында 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорына салынатын салықтар, әлеуметтік төлемдер және мүлік салығы бойынша нөлдік мөлшерлеме белгіленді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша жыл соңына дейін жер салығының мөлшерлемесі нөлге дейін төмендетілді.

Сондай-ақ, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында импорттау кезінде қосылған құн салығын есепке алу әдісімен төлеу мүмкіндігі берілді.

1 қазанға дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік үшін қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12%-тен 8%-ке дейін қысқартылды.

Оқи отырыңыз: Салық, айыппұл мен мемлекеттік қызметтерді QR-код арқылы төлеуге болады

1 маусымға дейін салықтық әкімшілендіру және бақылау шаралары тоқтатылды. Барлық шағын және орта бизнес субъектісі үшін салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі ұзартылды.

Тақырып бойынша

БАҚ-тың "салық демалысы": Абаев президенттің шешімі туралы айтты
Қазақстанда "салық демалысы" ұзартыла ма
Қаржы министрі армян көліктеріне қосымша салық салынатынын айтты
Көпбалалы аналардың балаларына қоғамдық көлікпен жүруде жеңілдік берілуі мүмкін
Сағынтаев карантин кезінде алматылықтарға қандай жеңілдік жасалатынын айтты
Кілт сөздер:
салық, кәсіпкер
Загрузка...

Басты тақырып