Қоғам

Мамин пандемия кезінде бизнеске қандай қолдау көрсетілетінін айтты

© Photo : СС0 / edarБухгалтер
Бухгалтер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұндай қадам кәсіпкерліктің дамуына серпін беріп, Қазақстанның Doing Business рейтингіндегі позициясын жақсартады

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин бизнесті қолдаудың қосымша шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз барлық өңірдің кәсіпкерлерімен шешуді қажет ететін нақты мәселелерді талқыладық. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша бизнесті қолдау жөнінде 43 қосымша шарадан тұратын іс-шаралар жоспары жасалды", - деді Мамин үкімет отырысында.

Ол бұл шаралардың өткен аптада экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында талқыланғанын атап өтті.

Ал іс-шаралар жоспары бизнес ұсынған негізгі бағыттарды қамтиды. Атап айтқанда:

  • сатып алуды жеңілдету және қазақстандық үлесті дамыту;
  • ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қаржыландыру және кредитті қайта қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту;
  • тауарлар экспортын дамыту және рәсімдерді жеңілдету.

"Жалпы, осы шаралардың арқасында кәсіпкерліктің одан әрі дамуына серпін беріліп, бизнес-ахуалды және Қазақстанның Doing Business рейтингіндегі позициясын жақсартуға үлес қосылады. Бұл ретте, барлық мемлекеттік орган мен әкімдіктер бүгін айтылған шаралардың орындалуын қамтамасыз етуі керек және ол нақты орындалуы тиіс", - деді премьер.

33 заңға екі жүзге жуық түзету енгізілді

Бұған дейін сенат бизнес-ахуалды жақсарту бойынша заңнамалық бастамалардың 8 топтамасын қабылдады. 6 кодекс пен 33 заңға екі жүзге жуық түзету енгізілді.    

Біріншіден, жылжымайтын мүлікке салынған ауыртпалық туралы ақпарат қолжетімді болады.

Екінші, электр желілеріне қосылу аясында "бір терезе" қағидатын енгізу көзделген.

Үшінші, табиғи монополиялар субъектілерінен ақпарат алу бойынша барлық кредиттік бюро үшін тең жағдай жасалады.

Төртінші, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, топографиясы және техникалық шарттары бар жер телімдерін беру бойынша рәсімдер жеңілдетіледі.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық кәсіпкерлерге 6%-тік кредит беріледі

Бұл түзетулер монополияға қарсы реттеудің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Жаңалықтар
0