23:47 22 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD421.58
  • EUR496.83
  • RUB5.53
Экономика
Қысқа сілтеме алу
293 0 0

АҚШ-та соңғы үш ай ішінде мұнай өндірісі арта бастады. Қара алтын қоры рекордты жаңартқаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым - Sputnik. АҚШ-тың энергетика министрлігі мұнай қоры туралы статистиканы жариялаған соң қара алтын бағасы шамамен 4,5%-ке төмендеді, деп хабарлайды РИА Новости/Прайм.

Сауда кезінде Brent 4,46%-ке арзандады. Бағасы барреліне 40,73 доллар. Ал WTI мұнайына тамыз айындағы фьючерстер 4,63%-ке төмен. Құны барреліне 38,5 доллар. Бұған дейін бағалар 1-1,5 процентке төмендеген болатын. 

АҚШ-тың энергетика министрлігіні ақпаратына сәйкес, елде мұнай қоры 540,7 миллион баррельге өскен. Тарихи рекорд үшінші рет жаңартылды. Сарапшылардың болжамынан асып түсті. 

Бұдан бөлек, АҚШ-та мұнай өндірісі 11 аптада алғаш рет 500 мың баррельге өсіп, 11 миллионға жетті.

Тақырып бойынша

"Өте ауыр жағдайға түсеміз": мұнай саласының маманы коронавирустың салдары туралы айтты 
Ноғаев: ОПЕК+ келісіміне қосылудың нәтижесінде мұнай өндіру тоқтаған жоқ
Мұнай саласында үш жарым мың адам жұмыссыз қалды – министр
Мұнай өндіру көлеміне қатысты Қазақстан ұстанымы айқындалды
Тақтатас өндірісі: АҚШ мұнай өндіру саласында құлдыраудан рекорд жасайды 
Кілт сөздер:
АҚШ, Қазақстан, баға, мұнай
Загрузка...

Басты тақырып