18:36 16 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR468.66
  • RUB5.79
Экономика
Қысқа сілтеме алу
3110 0 0

Президент Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағын және орта бизнес пен экономиканы кредиттеуді ұлғайтуды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің есебін қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев және басқарма мүшелері екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын бағалау бойынша өткен жылғы қаржы-несие саясатына қатысты жүргізілген жұмыстардың қорытындылары, Ұлттық банктің алтын-валюта резервінің ахуалы және Ұлттық қордың активтері туралы есеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев айырбас бағамы тұрақтылығының маңыздылығына тоқталды. 

"Бұл мәселеде үкімет пен Ұлттық банк үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін атап айтқым келеді. Квазимемлекеттік компаниялардағы басы артық валютаны ішкі нарыққа сату тәжірибесін жалғастыра беру керек. Ұлттық банк қажет болған жағдайда айырбас бағамын тұрақтандыру үшін қосымша шаралар қабылдайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Ломбардтарды тексеру

Президент Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, кепілсіз тұтыну несиесіне қатысты мәселені ұдайы бақылауда ұстау жөнінде тапсырма берілді. Мемлекет басшысы қаржы ұйымдарының жұмысын ашық жүргізу маңызды міндет екенін атап өтті. Бұл мәселе жалған ломбардтар мен микроқаржылық ұйымдардың алаяқтық іс-әрекеттері жиілеуіне байланысты өте өзекті болып отыр. 

"Бұл жұмысты жылдамдату керек. Тексерулердің қорытындысы негізінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Бас прокуратурамен бірлесіп, аталған саланы реттеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу және тұтынушылардың құқығын қорғау жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын", – деді мемлекет басшысы.

Қаржы нарығындағы заманауи технологиялар

Ақпаратта пандемия кезіндегі әлемдік үрдістер мен еліміздегі жағдай қаржы саласына заманауи технологияларды енгізу қажеттігін көрсеткені туралы айтылған.

Осыған байланысты президент Ұлттық банкке үкіметпен және "Астана" халықаралық қаржы орталығымен бірлесіп, 2025 жылға дейінгі қаржы технологиясы мен инновациясын дамытудың тұжырымдамасын бекітуді тапсырды.

Экономика мен бизнесті кредиттеу

Сондай-ақ, Ұлттық банкке экономика мен бизнесті белсенді несиелеу міндеті қойылды.

"Соңғы үш жылда экономиканы несиелеудің өсімі аса байқалмады. Банктер жұмыс барысында барынша қолайлы және тиімді жағдай ұсына отырып, әрбір клиент үшін белсенді күреспейді. Сонымен қатар қазіргі жағдайда бизнеске қаржы ресурсы қажет және оны жылдам алуы керек", - деді президент. 

Загрузка...

Басты тақырып