16:45 04 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD420.07
  • EUR493.25
  • RUB5.68
Экономика
Қысқа сілтеме алу
186 0 0

"Астана" халықаралық қаржы орталығы президентке жылдық есеп мен 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Құнды қағаздардың ішкі нарығын дамыту үшін сенімді әрі нақты шаралар қабылдау керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығы басқару кеңесінің кеңейтілген отырысында осылай деді.

Кеңейтілген отырыс қорытындысы бойынша "Астана" халықаралық қаржы орталығының жылдық есебі мен оның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. 

Мемлекет басшысының пікірінше, АХҚО экономикалық бастамаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысуы керек екенін айтты. 

"Ірі инвесторларды бір ғана ел аса қызықтырмауы мүмкін, ал сауда және өнеркәсіптік салалар бойынша байланысы мығым Еуразиялық одақ пен Орталық Азияның бүкіл аймағын елемеу қиын.  Инвесторлар осы елдердің біріне қызығушылық танытса, бұл өзге мемлекеттерге де табыс әкеледі. Осыған орай АХҚО өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа ретінде қызмет атқара алады", – деді президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы орталығы шетелден тікелей инвестиция тарту үшін өзінің әлеуетін толық пайдаланатынына сенім білдірді.

"Өзгеріс енгізетін уақыт келді. Сондай-ақ инвестиция портфельдері күшейту қажет. Құнды қағаздардың ішкі нарығы әлі толық дамыған жоқ. Сондықтан сенімді әрі нақты шаралар қабылдау керек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне АХҚО-мен бірігіп, құнды қағаздардың ішкі нарығын ықпалдастыруға және дамытуға бағытталған жаңа әрі нақты нормативтік база әзірлеуді тапсырамын", – деді Тоқаев. 

Онлайн форматта өткен жиында қаралған негізгі мәселелердің бірі - Қазақстанның экономикалық өсімін қайта қалпына келтіру. 

Президент өз сөзінде АХҚО биржасына былтыр Полиметалл, "Қазатомөнеркәсібі" ҰАК»" АҚ және Halyk Bank секілді ірі корпоративтік компаниялардың акцияларының сәтті орналастырылғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы пандемия мен мұнай бағасының құлдырауынан туындаған жаһандық дағдарыс жағдайында және дамушы елдердің нарығынан капиталдың кетуі кезінде ұлттық экономиканы әртараптандыру үшін жаңа реформаларды жүзеге асыру қажет екенін айтты.

Тақырып бойынша

Тоқаев теңге бағамына қатысты бірқатар тапсырма берді
Вирустың екінші толқыны: сарапшылар экономика мен теңгенің тағдыры не болатынын айтты
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың мінезі туралы айтты
Баспасөз хатшысы Елбасының денсаулығы туралы жазба жариялады
Тоқаев Назарбаев туралы жазды
Кілт сөздер:
реформа, экономика, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып