17:36 04 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD420.07
  • EUR493.25
  • RUB5.68
Экономика
Қысқа сілтеме алу
3667 0 0

Ведомство басшысының айтуынша, қазір 200 мың теңгенің 42 500-і – шамамен 21%. Егер елде орташа жалақы өссе, ең төменгі айлық та ұлғаюы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда жалақы төмен екенін айтты. Ведомство 2025 жылға дейін ең төменгі жалақы мөлшерін кезең-кезеңмен арттыруды көздеп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мен елдегі жалақы деңгейіне оң көзбен қарамаймын. Статистика комитетінің дерегіне сүйенсек, біздің елімізде орташа еңбекақы 200 мың теңгеге сәл ғана жетпейді. Бұл салықпен қоса есептегенде, ал қолға бұдан да аз алады. Медиандық жалақы деген түсінік бар. Ол да 125 мың теңге шамасында, одан көп емес", – деді Нұрымбетов онлайн брифингте.

Министр Қазақстанда жалақы төмен екенін, халықтың табысын арттыруды үнемі көтеретінін атап өтті.

"Еңбек министрлігі ең төменгі жалақыны біртіндеп өсіру керек деп санайды. Әрине, қазір бұған қолайлы уақыт емес, қанша дегенмен, ол шығын. Бірақ, біз 2025 жылға дейінгі елдің стратегиялық даму құжатында ең төменгі жалақыны кезең-кезеңмен көбейту міндетін қойдық", – деді ол.

Нұрымбетовтің пікірінше, ең төменгі айлықтың мөлшерін елдегі орташа жалақының 30-40%-не жеткізу қажет.

Оқи отырыңыз: "Жалақы 850 мың теңгеге жетеді": қандай мамандар қажет екені айтылды

"Қазір 200 мың теңгенің 42 500-і – шамамен 21%. Егер елде орташа жалақы өссе, ең төменгі айлық та ұлғаюы керек. Мәселен, егер бізде орташа еңбекақы 400 мың теңге болса, ең төменгі жалақы оның 30 пайызы, яғни 120 мың теңге болуы тиіс. Біз осылай болғанын қалар едік. Біз мұндай стандарттарға ұмтылуымыз қажет", – деді ведомство басшысы.

Тақырып бойынша

Тоқаев жоғары жалақы алатындардың салығын арттыруды ұсынды
85 мыңнан төмен емес - министр жаңа жұмыс орындарындағы жалақы туралы айтты
Депутаттар мүгедек баласы бар ата-аналарға жалақы төлеуді ұсынды 
"Халық табысының тең жартысын тамаққа жұмсайды": депутат жалақы аз деп ашынды
Есепші жалақы төлеуге бөлінген 24 миллион теңгені өзіне аударған
Кілт сөздер:
орташа жалақы, жалақы
Загрузка...

Басты тақырып