Әлем

Қазақстанмен тауар айналымды бір миллиард долларға жеткізуге болады – Беларусь премьері

© Sputnik / Медиабанкке өтуПремьер-министр Белоруссии Роман Головченко
Премьер-министр Белоруссии Роман Головченко - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головченконың айтуынша, қазіргі кезде пандемияға байланысты іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуі аясында сауда көлемі аздап төмендеген

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Беларусь премьер-министрі Роман Головченко Қазақстанмен тауар айналымын бір миллиард доллар деңгейіне дейін жеткізуге болады деп санайды. Бұл туралы ол Еуразиялық үкіметаралық кеңес аясында Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминмен кездесуінде мәлімдеді. 

"Сауда статистикасы мемлекет басшылары белгілеген бір миллиардтық тауар айналымына қол жеткізуге болатындығын нақты көрсетіп отыр, біз оған жақынбыз. Әрине, биыл пандемияға байланысты іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуі аясында сауда көлемі аздап төмендеді, бірақ бұл алаңдаушылық тудырмайды", – деді Головченко.

Ендігі жерде бұл төмендеу ұзаққа созылмауы үшін күш-жігерді шоғырландыру қажет деп санайтынын білдірген Головченконың сөзін Беларусь премьер-министрінің баспасөз қызметі жария етті. 

Оның айтуынша, Беларусь өзара сауданы тең шарттарда кеңейтуді мақсат етеді және бірлескен ынтымақтастық жобалар қызығушылық танытады.

Бұған дейін Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін Минскіге келген болатын. 

Саммитке Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, сондай-ақ ЕАЭО-да бақылаушы мәртебесіне ие Молдова үкімет басшысы қатысуда.

Жаңалықтар
0