15:49 11 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.31
  • EUR491.93
  • RUB5.68
Экономика
Қысқа сілтеме алу
503 0 0

Банк мамандарының айтуынша, бұл шешім Қазақстан экономикасына карантинді күшейту жөніндегі шаралар салдарының ықпалын реттеуге мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 9,00 процентке дейін төмендетуге шешім қабылдады. Проценттік дәліз артық/кемі 1,5 проценттік тармаққа дейін қысқарып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан банктің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Тиісінше, өтімділікті ұсыну бойынша тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 10,5% және өтімділікті алу бойынша тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 7,5% болады", – делінген ресми хабарламада.

Биыл мамыр-маусым айларында экономикалық белсенділік қатты қысқарды. Проинфляциялық тәуекелдер де әлсіреді. Алайда болжам басқаша болған. Карантинді қатаңдату бойынша қабылданған қосымша шаралар да дезинфляциялық әсер етеді. Сол себепті базалық мөлшерлемені төмендетуге тура келген.

"Долларландырудың өсу тәуекелдері айтарлықтай төмендеді, бұл мөлшерлемені төмендету үшін әлеуетті кеңейтті. Теңге активтерін қорғау бойынша жедел шаралар нәтижесінде ағымдағы жылғы алты айдың қорытындысы бойынша депозиттерді долларландыру алдын ала деректер бойынша 43,1%-тен 40,0%-ке дейін төмендеді. Бұл базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігіне де ықпал етеді",– дейді банк мамандары.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшті

Ресми ақпаратқа сәйкес, базалық мөлшерлеменің жаңа деңгейі кредиттердің құнын төмендете отырып, өсірілген кредиттік тәуекелдерді белгілі бір дәрежеде өтеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстан экономикасына карантинді күшейту жөніндегі шаралар салдарының ықпалын реттеуге ықпал етіп, Қазақстан экономикасының өсуін қалпына келтіру процесін қолдайды.

Тақырып бойынша

Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім шығарды
Ұлттық банк теңгенің нығаю себебін айтты
500 теңгелік банкнотты қабылдау тоқтатылды – ұлттық банк мәлімдемесі
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады
"Теңгенің айырбас бағамына қысым жасалады": Ұлттық банк болжам жасады
Кілт сөздер:
базалық мөлшерлеме, Ұлттық банк
Загрузка...

Басты тақырып