11:34 19 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Экономика
Қысқа сілтеме алу
111 0 0

Қазақстан тарапынан 917 миллион АҚШ доллары көлеміндегі сома талап етілген болатын. Процесті тоқтату туралы шешім бірауыздан қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Қазақстан канадалық Gold Pool компаниясына қарсы көп миллиондық төрелік процесті жеңіп алды. Төрелік трибунал Қазақстан Кеңестік келісіммен байланысты еместігін растады.

2020 жылдың 30 шілдесінде халықаралық Төрелік трибунал 2016 жылы канадалық Gold Pool JV Ltd компаниясы "Қазақалтын"АҚ кәсіпорнын сенімгерлік басқару туралы келісімшартқа қатысты шешім қабылдады.  Қазақстанға қарсы төрелік істің сот қарауына жатпайтыны айтылған, процесті тоқтату туралы шешім бірауыздан қабылданды. 

Қазақстан тарапынан 917 миллион АҚШ доллары көлеміндегі сома талап етілген болатын.

Gold Pool қалай басқарды

1996 жылғы наурызда Голд Пул компаниясы кәсіпорынның қарыздарын өтеу, өндірісті қалпына келтіру және жаңғырту, қолайлы қаржылық жағдай жасау және тиімді нарықтық стратегия жасау мақсатында "Қазақалтын" АҚ-ны басқаруына алды. Голд Пул келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмады. 

Негізінен алтын өндіретін кеніштердің (Ақсу, Жолымбет және Бестөбе) жұмысы жолға қойылмаған. Кәсіпорынның басқа алтын кен орындарындағы шахталар қараусыз қалып, су басты.

"Кәсіпорында өндірістік қуаттарды жаңарту және қажетті геологиялық барлау жұмыстары жүргізілмеді, кенді қайта өңдеу және алтын өндіру жолға қойылмады. Кәсіпорынның жұмысшылар мен мердігерлер алдындағы қарыздары өсе берді. Басқарушы компания банкротқа ұшырады. Сәтсіз жұмыс нәтижесінде жұмысшы ауылдар жылыту маусымына дайын болмады және олардың тұрғындары зардап шекті", -деп жазылған әділет министрлігінің сайтында.

1997 жылдың тамызында басқарушы компаниямен келісімшарт бұзылды.

Канадалық компания 17 жылдан соң арыз жазды. Олар 1989 жылы жасалған кеңестік-канадалық келісімді негізді алған. Бұл келісімнің Қазақстанға қатысы жоқ екені айтылып, процесті тоқтату туралы шешім бірауыздан қабылданды. 

Загрузка...

Басты тақырып