Экономика

Қазақстанның ОПЕК+ келісімі аясында қалай жұмыс істеп жатқаны айтылды

© REUTERS / Dado RuvicМодель нефтяной вышки на фоне логотипа ОПЕК
Модель нефтяной вышки на фоне логотипа ОПЕК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрліктің хабарлауынша, Қазақстан келісім міндеттемелерін орындағаны туралы деректерді ОПЕК+ хатшылығына жолдаған

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында қабылданған міндеттемелерді орындап жатыр. Келісімге сәйкес, Қазақстанның шілде айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,319 миллион баррельді құрайды. Бұл жайында энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алдын ала келтірілген мәлімет бойынша, шілде айында орташа тәуліктік өндіру тәулігіне 1,313 миллион баррель немесе міндеттемелердің 101%-ін құрады.

Министрліктің хабарлауынша, республика келісімнің міндеттемелерін орындағаны туралы деректерді ОПЕК+ хатшылығына жолдады.

Айта кетейік, Қазақстан сәуір айында ОПЕК+ қатысушы елдер арасында 2020 жылдың мамыр-шілдесінде мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 миллион баррельге дейін ұжымдық қысқарту туралы келісім бойынша жаңа міндеттемелерге қосылды.

"ОПЕК+ келісіміне қатысу сұраныспен ұсыныс теңгерімін және мұнай бағасын қалпына келтіруге бағытталған. Қоймаларда мұнайдың толып кету қаупін болдырмау үшін энергетика министрлігі орта, ірі және алып кен орындарында өндірісті шектеу туралы шешім қабылдаған болатын", - делінген ақпаратта.

Мәмілеге қатысу арқасында нарықтың барлық қатысушысы мұнай өндірудің бақылануына және біртіндеп төмендеуіне қол жеткізді. Бұл әлемдік мұнай саласына оң әсеретті, деп толықтырды ведомство.

Оқи отырыңыз: Мұнай бағасы төмендеуінің себебі айтылды

Жаңалықтар
0